"Жұлдыз FM" кастинг жариялайды

"Жұлдыз FM" кастинг жариялайды
Фото: bigonionmedia.com

Еліміздегі жастарға арналған Жұлдыз FM радиосы өз ісінің шебері, сөзді маржандай етіп тізбектей алатын, бастысы радиода қызмет етуді армандайтын жастарды кастингке шақырады.

Жұлдыз FM радио толқынында жүргізуші болып жұмыс жасағысы келетін үміткерлерге басты талап: 

• Сөзге ұста, жан-жақты, дауысы жағымды болуы керек;
• Тыңдармандармен тілдесу;
• Интерактивті бағдарламалар өткізу.

Егер сіз өзіңізді жоғарыдағы айтылған талаптарға саймын деп есептесеңіз, онда бағыңызды сынауыңызға болады. Ол үшін өз түйіндемелеріңізді zhuldyzfm@gmail.com электронды мекенжайына жолдауларыңыз қажет. Түйіндемеде міндетті түрде фотосурет болуы шарт, сонымен қатар, дауысыңыздың дыбыс жазу аппаратына жазылған нұсқасы қажет.  

Ф. Абилова