Әнші Артур Төлепов «Жұлдызды қонақ» бағдарламасында

Әнші Артур Төлепов «Жұлдызды қонақ» бағдарламасында

«Жаужүрек мың бала» фильмінде Ілияс рөлі арқылы көпшілікке танылған Артур Төлепов Жұлдыз FM радиосына қонаққа келеді. Артур бүгінде тележүргізушілікпен қатар әншілік қырымен де танылып жүр. Жас әнші «Бір сен деп» атты әніне бейнебаян түсіріп те үлгерді. Тіпті ол бұл туындысын 2015 жылдың жаңалығы болады деп күтуде. Бейнебаянның сценарийі Бони мен Клайд желісін негізге ала отырып жазылған. Артурдың алғашқы туындысына өзінің бауыры Асылхан Төлепов пен өнердегі достары түскен екен. 

Артур сәуір айының 1-і күні сағат 15:00-де «Жұлдыз FM» радиосының «Жұлдызды қонақ» бағдарламасында тікелей эфирге шығады. Ол өз тыңдармандарымен алдағы уақыттағы жоспарын бөлісетін болады. Артур Төлеповке қояр сұрақтарыңыз болса, міндетті түрде хабарласыңыздар! Біздің байланыс телефонымыз: 3-888-101. Сондай-ақ, 6100 қысқа нөміріне хат жолдау арқылы көкейдегі сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Хат басында "радио" сөзі міндетті түрде болуы керек.

Сурет: Артур Төлепов 

Н. Айдархан