«Жұлдызды қонақ» бағдарламасына «Mezzo» тобы қонаққа келеді

 «Жұлдызды қонақ» бағдарламасына «Mezzo» тобы қонаққа келеді

Классикалық сарында ән орындайтын «Mezzo» тобы ақпан айының 18 жұлдызында Жұлдыз FM радиосына қонаққа келеді. «Mezzo» тобының шығармашылық жаңалықтары мен сырласу әңгімесін Алматы уақытымен сағат 15:00-де «Жұлдызды қонақ» бағдарламасыннан онлайн түрде тыңдай аласыздар.

Mezzo — Қазақстандағы ең алғашқы классикалық кроссовердің вокалды бағытында ән шырқайтын топ. Олар атақты әуендерді классикалық мақамға салып айтады.

Сурет:massaget.kz

Н. Нұрмаханұлы