Жоба туралы

Мәліметтер

Атауы: Massaget.kz

Негізін қалаған: Батыр Қазыбаев

Құрылтайшысы: "Effective Media Liaison" ЖШС

Бас редактор: Қуаныш Ермекова

Редакция нөмірі: +7 (700) 3 888 104 (WhatsApp)

E-mail: massaget.kz@gmail.com

Жарнама бөлімі: тел. +7 (727) 388 8130, +7 700 388 8109  ag-reclama@tn.kz

''Massaget.kz'' – Қазақстандағы ақпараттық-сараптамалық, танымдық портал. 2011 жылдың 16 желтоқсанында ашылған. Белгілі медиаменеджер, қоғам қайраткері Батыр Қазыбаев негізін қалаған. Alash Media Group медиахолдингі құрамындағы интернет-басылым.

Сайт қазақ тілінде ақпарат таратады. Бастапқыда интернетте танымдық бағыттағы контент арқылы қазақтілді аудиторияны қалыптастыру, дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатында құрылған. Еліміздегі алғашқы ойын-сауық порталы болды.

«Қазақ тіліндегі үздік сайт» (Award),  «Интернет-дода» конкурсы (2013 ж), «Халық сүйіктісі» (2014 ж), «Жастар әлемі» интернет байқауы (2016 ж), «Үркер: Қазнеттегі медиасерпіліс» (2017 ж) марапаттарын иеленген.

Massaget.kz еліміздегі ең үздік сайттардың қатарына енеді. Порталда интернеттің басқа көздерінен табыла қоймайтын эксклюзивті материалдар жарияланады. 2022 жылдан бастап ақпараттық бағытқа бет бұрды. Қазақстан мен әлемдегі басты және соңғы жаңалықтар сәт санап жарияланады. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағынан өз тілшілері бар.

Оқырмандар саны бойынша Massaget.kz порталы Liveinternet жүйесінде үздік үштікте. Ал қазақтілді ақпараттық сайттар арасында рейтинг көшін бастап тұр. Техникалық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген. Сайттың iOs және Android-те мобильді қосымшасы бар.

Massaget.kz сайтында оқырмандар блог жазып жариялай алады. Қазнетте қазір блог жазу мүмкіндігі бар жалғыз платформа. Бүгінге дейін 30 мыңнан асық блог жазылған.

Сайттың әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар.