- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Зейініңді сынап көр...
Зейініңді сынап көр
Тоғыз торпақ
Шаруашылық иесі өз ісін үнемі өзгеше етіп істегенді жақсы көреді. Ол бүгін де сондай бір ойын ойлап тапты. Қол астындағы бақташыларына тоғыз тайыншасын қораға қамауды тапсырды. Ол алдымен төрт қора жасатты. Сосын төрт қораға осы тоғыз торпақты тақ саннан келтіріп қамауды бұйырды. Ендеше сиыршылар оны қалай жүзеге асырғаны жөн?
Шегіртке мен бақа
Жарыстың барлық барысы көмбеден басталып үлкен шыршаға дейін жалғасады. Көмбе мен шыршаның арасы он төрт метр, ал, айланба жолдың қашықтығы жиырма сегіз метр. Шегіртке бір секіргенде үш метрге секіреді, ал бақа бір секіргенде екі метрге секіреді. Шегіртке үш рет секіргенде бақа бес рет секіреді. Алдымен көмбеге қайта айналып келгені жеңімпаз болады. Ал, сізше кім жеңеді?
Сандық іздеу
Жиыны бес сандық бар. С сандықты А сандықтың ішіне, D сандықты В әрі Е сандықтың ішіне салуға болады. А сандық онша үлкен емес. Суретте көрсетілгенде бірінші сандық ең үлкен, әрі, сандықтың саны көбейген сайын саны артып отырады. Бесінші сандық ең кішісі. А сандық пен Е сандықтың сәйкес санының қосындысы D мен С сандықтың сәйкес келетін сандарының қосындысы өзара тең. Сонда А, В, С, D, Е мен 1, 2, 3, 4, 5-тер қалай сәйкес келеді?
Істей аласың ба?
Жеті бұрышты жұлдызды дөңгелектің ішіне бірден жетіге дейінгі санды толтырып, тұтастырғанда әр сызықтың қосындысын отыз шығатындай етіп толтыра аласың ба?
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: CorelDraw бағдарламасында өңделген
M. Auelkhan