Зерттеушілер десе көз алдымызға көзілдірік киіп, тар бөлмеден шықпайтын адамдар елестейді. Бірақ интернетте өздерінің қызықты жазбаларымен бөлісетін белсенді зерттеушілер де бар. Бүгін далада зерттеу жүргізетін мамандардың твиттер-парақшасында жарияланған жазбаларды ұсынамыз.
Сіз медуза ішіндегі балықты көріп пе едіңіз? Біз қыстың қамын қамдап жүрген кезде, Сауд Арабиядағы зерттеушілер тобы Қызыл теңіздегі су асты фаунасын бақылап жүр. Бұл жерде ауа температурасы шамамен +30 °C, сондықтан жас ғалымдар жазба жұмысы үшін судан шығып әуре болмайды. Олардың барлық құрылғылары су асты жұмыстарына арналған.
Spotted this brave little guy taking a #jellyfish for a drive next to the #mangroves near @KAUST_News. I love all of the amazing critters that we find during #fieldwork in the #RedSea ???????? @WhyOceansMATTer pic.twitter.com/GFrGsjmjVf
— Aislinn Dunne (@fun_dunne) November 30, 2019АҚШ зерттеушісі Фейн Гринвуд тәжірибе арқылы тазартқыш-асшаянның адам ауыз қуысын тазартатынын дәлелдеді. Ол үшін деміңізді іште ұстасаңыз жеткілікті.
today I learned that cleaner shrimp will clean your filthy human mouth if you can hold your breath long enough pic.twitter.com/8r9WMK82v9
— Faine Greenwood (@faineg) December 2, 2019Кембридж университетінің Зоология мұражайының директоры Джек Эшби Тасмания аралын мекендейтін сүтқоректілерді зерттеумен айналысады. Ол өз твиттер парақшасында кенгуру, қалталы аю, ехидна секілді жануарлардың суреттерін жариялаған болатын. Оның жұмысының ең қызықты сәті – зерттеуден кейін жануарды қайта табиғатқа жіберіп, оны видеоға түсіру.
Аустралиялық орнитолог Йоханна Мартенс тоты құстарды зерттеумен айналысады. Бірақ, оның парақшасында басқа құстар жайлы "твит" те кездеседі.
#notaparrot, but definitely the best critter in the category creepy-cute which we find in our best boxes ???? #happyhalloween #owletnightjar #fieldwork #ornithology #phdlife #creepycute #birdnerd pic.twitter.com/9y5Joh4yCY
— Johanne Martens (@johanne_martens) October 31, 2019Сәтсіздіктер
Америка палеонтологы Джулия Макхью ежелгі омыртқалы жануарларды зерттеу саласында қызмет етеді. Жақында ол әлеуметтік желіге өзінің жұмысындағы сәтсіз оқиғаны жариялады. Жерде миллион жыл бойы жатқан маңызды палеонтологиялық табысты айналдыру барысында олар қателік жіберген. Нәтижесінде олардың табысы жерге дүрс құлап, сынып қалды. Видеодан оның әріптестері қалай шулап жатқанын байқауға болады. Ол "сәтсіз палеонтолог" деген тегпен жазба жариялаған болатын. Оның жазбасын көрген өзге әріптестері өкініштерін білдірді. Джулия бұл видеоны өзінің әріптестеріне алдын ала ескерту ретінде жариялаған.
The time to find out you have a weak area in your field jacket is not when you are flipping it... #FieldWorkFail #fieldwork #sadpaleontologist pic.twitter.com/jZ3UoPR112
— Julia McHugh (@JB_McHugh_7337) August 14, 2019Биология ғылымдарының кандидаты, Аустралия зерттеушісі Луиза Тозетто, өзінің сәтсіз жұмысымен бөліскен еді. "Камерамның орналасқан аймағына таңғалып отырмын",– деп әзілдеді ол.
Just admiring my excellent camera placement #phdlife #fieldworkfail pic.twitter.com/twZbLy84J0
— Lou Tosetto (@loutosetto) November 4, 2019Антон Сорокин америкалық Висконсин – Милуоки Университетін аяқтаған. Бүгінде Шығыс Каролина Университетінің аспирантурасында білім алып жатқан ол уақытының басым бөлігін улы бақаларды зерттеуге арнайды. Сонымен қатар, ол жабайы жануарларды суретке түсіруді жақсы көреді. Әлеуметтік желідегі парақшасында салпыеріннің қызықты суретін жариялап, өзінің сәтсіз оқиғасымен бөліседі: "Мына салпыерін (тапир) мені таптап кете жаздады. Жабайы жануарлармен "кездесуімдегі" ең қорқынышты сәт осы болса керек. Мен жолықтырған ең ессіз жануар да – осы".
My first day working in the bush in South Africa, I crouch behind some bushes to pee. I hear a snort and see a large, sharp horn rise from behind one of the bushes. My heart (and pee stream) immediately stop & I run away at full speed w my pants around my ankles #fieldworkfail pic.twitter.com/HW8bU1jaXc
— Rachel Engstrand (@RCEngstrand) December 3, 2019Салпыеріннен орман жағалай қашқан Сорокин артына бұрылғанында жануардың тұмсығын байқайды. "Мені тістеп алатындай болып көрінді" – деп еске алады биолог. Оның сөзіне сенсек, әдетте салпыеріндер адамдарға шабуыл жасамайды. Тіпті, зерттеушілер оларды бананмен қоректендіреді. "Бұл жабайы жануарлардың қандай жағдай болмасын жабайы болып қалатынын еске салды. Адамдарға үйренген жануарлар кейде қауіпті болуы мүмкін", – дейді Сорокин өз жазбасында.