- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Зерттеушілер мысықты сипамау...
Зерттеушілер мысықты сипамау керек дейді
"Мысықтар өздерін сыйпағанды жақсы көрмейді" - деген шешімге британдық, бразилиялық, аустриялық ғалымдар бір ауыздан келіп отыр. Анықталғандай, үй иелері өздерінің сүйіктілерін сыйпаған сәтте сүйіктілері стрессті сезінеді. Бұл туралы The Daily Mail хабарлауда.
"Біздің мағлұматтар мысықтардың рахаттанудан гөрі көп төзетінін немесе еркелеткенде жиіркеніш туатынын дәлелдейді" - дейді Линкольн Университетінің профессоры Дэниел Миллс.
Сонымен қоса зерттеушілер мысықтардың еркіндікті сүйетіні айтылып келгенмен, олардың үйде жалғыз қалғанды ұнатпайтынын анықтаған. Егер үйде екі мысық өмір суретін болса, бастапқыда ауыр тигенмен, кейіндеу тіл табысып кетпек. Алайда, үй жануарының кеңістігін тарылтпау керектігі айтылады. Үй жануарларының өздері тамақтанатын, түзге шығатын өз шекара аумақтары болуы тиіс екен.
Ертеректе мысықтардың керемет психолог екендігі айтылған болатын. Олар адамдардың депрессиядан арылуына немесе жәй ғана стрессті алып тастауға көмектеспек. Зерттеушілер мияулау сәтінде тербеліс тазалығы (вибрация) 22 ден 44 Гц аралығында құралатынын және осы бір диапазон емдік күшке ие екендігін ескертеді.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: luganews.com
Л. Лига