Дәрі-дәрмекті химия десек те, ауырған кезде онсыз күнімізді елестете алмаймыз. Дәрігерге барсақ, бір ауруға мың дәрі жазып беретіні жасырын емес. Дегенмен, дәрінің қалай өндірілетінін, дәріхана сөрелеріне келгенше қай жерлерде сынақ жүретінін бәріміз біле бермейміз. Ендеше, бүгін фармацевтика әлеміне сапар шегеміз. Дәрі өндірісіДәріні жасау идеясынан бастап дәріханаға келгенше екі-үш онжылдық өтуі әбден мүмкін. Дәрілердің 5% ғана клиникалық зерттеуден сәтті өтеді. Ал, қалған 95 пайызы дәрі өндірісі қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Бүгінде дәрі өндірісіндегі басты талап дәлелденген тиімділік пен қауіпсіздік. Дегенмен, дәрі өндірісі кезінде бастапқыда басқа бағытта қолдану көзделген дәрілердің жаңа қыры ашылады. Мысалы, силденафил стенокардия мен қан қысымын емдеу ісі бойынша зерттеле бастаған. Бірақ, кейін оны басқа бағытта қолдануға болатыны анықталды. Препараттардың тағдыры бірнеше кезең бойынша шешіледі:1. Бастапқы кезең: аурудың даму механизмі, рецепторлар, химиялық заттар мен ферменттерге дәрі қалай әсер ету мүмкіндігі қаралады. Химиктер керекті рецептор мен ферменттерге әсер ететін заттарды саралайды. Мүмкіндігінше, өзге ағзаға зиянын тигізбеуді көздейді.2. Екінші кезең: бұл кезеңде препараттарды жануарларға, нақтырақ айтсақ, тышқандарға сынайды. Зерттеу этикасы бойынша олар жануарлар өміріне қауіп төндірмеуі шарт. Олар алдымен әлі дәріге айналып үлгермеген химиялық заттың қаншалықты улы екенін зерттейді. Кейін ауруға байланысты оның тиімділігін бақылайды. Содан соң ғана, адамдарға зерттеу жұмысы басталады. 3. Үшінші кезең: дәрінің қауіпсіздігін тексеру үшін өз еркімен зерттеуге қатысқан сау адамдарға сынақ жасайды. Бұл клиникалық зерттеудің алғашқы фазасы. Бұл жерде басты ережелер бар: реанимациялық көмектің болуы, антидоттардың болуы. Одан бөлек, рак ауруына дәрі сынамасы сау адамдарға жүргізілмейді. Клиникалық зерттеудің екінші фазасы дәріні дертке шалдыққан адамдарға жүргізеді. Дәрінің жұмыс істейтіндігін және ағзаға зиянын тексеру үшін плацеболармен салыстырады. Яғни, шприц немесе таблеткалар бос, оның орнына су мен бор салынады. Емделушілер екіге бөлінеді: біріне препарат, екіншісіне плацебо беріледі. Дегенмен, дәрігер де, емделуші де денеге қай сынаманың түскенін білмейді. Кейін олар өз бағаларын білідіріп, өздерін қалай сезінетіндерін айтады. Ал, онкологиялық препараттар плацебосыз жұмыс істейді. Өйткені, рак ауруына шалдыққандарға плацебо қалдыру жұмыс ережесіне сәйкес келмейді.Сынаққа қатысушылар:Сіздің жазбаша түрдегі келісіміңізсіз ешкім сізге жаңа препаратты еге алмайды. Мұндай сынақ жұмыстарына қатысу заманауи дәріні алуға үлкен мүмкіндік. Одан бөлек, барлық тексеріс тегін жүзеге асады. Зерттеуді арнайы зерттеу орталықтары ұйымдастырады. Олар зерттеу сапасын бақылып, дәрігерлерге құжат жұмыстары бойынша көмектеседі. Заманауи зерттеу жұмысы бірнеше елде қатар жүреді. Бағдарламаға белсенді қатысатын ел АҚШ. Беделді орталықтар арқылы тегін түрде тексерістен өтуге мүмкіндік болғандықтан, емделушілер қуана келіседі. АҚШ, Скандинавия елдерінің ділі де өз рөлін ойнайды.Скандинавия тұрғындары кейін әлем тиімді дәрі-дәрмекке ие болуы үшін туатын қолайсыздықтарға төтеп беруге дайын. Мұндай зерттеуден соң дәрі денсаулық сақтау министрлігіне тіркеледі, АҚШ-та Food and Drug Administration (FDA) ұйымына немесе Еуропалық медицина агенттігіне (ЕМА) тіркеліп, сатылымға шығады. Зерттеу қорытындылары:Дәрінің зерттеу жұмысы, қорытындысын жарияланған мақалалар арқылы білуге болады. Ол үшін ағылшын тіліндегі pubmed.gov. сайтына өтсеңіз жеткілікті. Ағылшын тілінде құрамындағы маңызды заттың атын енгізсеңіз жеткілікті. Мамандардың басым көршілігі осы сайтты қолданады. Ғылыми ақпаратты ағылшын тілінде қарау қарапайым адамға қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, мақалалар мен зерттеулер санына қарап-ақ оның қаншалықты сынақтан толық өткендігін аңғаруға болады. Бүгінде әлемдік фармацевтиканың ғылыми қоры 200 күнде бір рет жаңартылады. ББЗ (БАД) дәрі ме?Соңғы уақытта қуат алу үшін, дәруменге бай болу үшін тағамға қосытын биологиялық белсенді заттар саны артты. Дегенмен, олар дәрі емес. Оның фармацевтикалық құндылығы жоқ: Сондықтан, олар кезеңдік тексерістерден өтпейді. Тек тағамдық қоспа ретінде арнайы мамандардың тексерісінен ғана өтеді. Фармацевтика саласы осылай жұмыс істейді. Дәрігердің рұқсатынсыз алуға болатын дәрілердің айтарлықтай зияны жоқ. Ал, міндетті түрде дәрігер рұқсатымен берілетін дәрінің адам ағзасына жанама әсері болуы мүмкін. Оны тек маманмен ақылдасып қана алған жөн. Дәрі де химия. Сондықтан, оны қолданған сәтте де абай болыңыз.