Якутияның қысы қаншалықты суық келеді?

Тоғыз қабатты киіз үйлерді соғып, таңнан таңға тоқсан түрлі толғау айтып отыратын бір халық бар. Ол – якуттар.

...Ол жақта қыс ұзақ болады. Және ең төменгі температура  -60 градустан бір елі түспейді.

Қыстың күні Якутияда температураның шектен тыс суып кеткенінен ағаштар жарылып, көк түсті ұшқын шығады. Тіпті, будақтап шыққан будың өзі ауада алқымы қысылып, бірден әдемі әрі майда мұз түйіршіктеріне айналып шыға келеді. Тіпті, осы бір жерге түскен түйіршік екеш түйіршіктер де жерге дауыс шығарып, құлайды екен. Бұны халық ұғымында «жұлдыздардың күлкісі» деп атап кеткен.

Сіз білесіз бе, бұл халықтар қыстың күні жерге тұз себудің орнына мұз түйіршіктерін тастай салады. Өйткені, аталған жұртта «көлік» деген ұғымның орнына «бұғы» деген ұғым қолданылады. Бастысы, таңба басар тұяқтары тайғанамаса болғаны.

Ең тамашасы сол, әңгіме айтып отырып пайда болған мұз түйіршіктерін үйге әкеліп қойсаңыз, көз алдыңызда еріп жатқан түйіршіктерден шығып жатқан сөздерді естисіз.

Өздеріңіз білетіндей, мынадай суықта ең қатты дейтін заттың өзі морт сынып, екіге бөлініп қалады. Әсіресе, темір атаулы заттар сынғыш келеді.

Ең бастысы, Якутияда қыс ұзақ және суық келеді...

Сурет:mixstuff.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт