Виртуалды мұражайдың сайты: www.panotours.ru
Мына сілтемені шертсеңіз, Түркиядағы кілем фабрикасына сапар шеге аласыздар: Кілем фабрикасы
Виртуалды мұражай (вебсайт-мұражай) — мұражай экспонаттарын тамашалауға арналған веб-сайт. Қолданушы мұражайдың ішіндегі көріністерді алға-артқа, жоғары-төмен жылжыту арқылы көре алады. Ішіндегі заттар сан алуан, әр түрлі болып келеді: тарихи экспонаттар, сурет өнері, виртуалды жинақтар, артефактар т.б көптеген ескі мұралар бар. Виртуалды мұражай тарихи ескерткіштердің сақталуы мен халыққа ұсынылу мәселелерінің оңтайлы шешімі болды. Мұражайды үйден шықпай интернет арқылы тез және анық көре аласыздар.
Ең бірінші мұражай веб-сайт ретінде интернетте 1991 жылы ашылды. Олар алғашқыда қарапайым сайт болды, кейіннен мұражайды панорама түрінде көруге мүмкіндік пайда болды. Николь Пошем дейтін француз студенті «онлайн-Лувр» деп аталатын веб-сайт ашып, «жылдың үздік ресурсы» деген номинациясын жеңіп алды. Басшылардың қойған талаптарына байланысты оның атауы өзгертілді.
Кілем жасаушылардың көшбасшысы болып саналатын Шығыс халқы, кілем тоқу шеберліктерін дамыта түсті. Кілем жасау кезінде кілем шеберлері түрік халқының ою-өрнектерін пайдаланып, бір нақышқа келтіріп түріктердің ұлттық символын қалыптастырған.
Түркиядағы Қасиетті София Соборы мұражайындағы кілемдер Түркия Кілем Мұражайының жәдігерлері болып табылады. Жалпы Түркия Кілем Мұражайында 806 кілем көрмеге қойылған, соның 400 нұсқасы тарихи маңызы бар ескерткіш.
Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т.б. деп аталады. Гүлді (парсы кілемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді. Кілем түріктерде әсемдік үшін, сондай-ақ, үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын болған.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: liveinternet, internetua.com