- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Видео. Теңіз жақұты...
Видео. Теңіз жақұты
Теңіз жақұты (морской сапфир) бір көрген жанға алғашқыда елес болып көрінуі мүмкін. Ол әрдайым теңіз түбінен табылып, көбіне Оңтүстік Африканың жағалауынан ұшырасады...
Sapphirina copepod түр-реңкі тіптен өзгеше теңіз ағзасы: су түбіндегі көкшіл жарқыл өз орнын жиі ауыстырып тұрады.
Оны (Sapphirina copepod) көбіне су шаянының бір түріне ұқсатады. Планктон мен шаяндар теңіз ағзасының жанында әдемі көрінбейді.
Көлемі бірнеше миллиметр, сұлулығы теңдессіз теңіз ағзасы теңіз түбінің қоректік негізін түзуге көмектеседі. Әйгілі аттасы секілді ол да түрлі түр-реңк пен түстердің нешебір тегінен тұрады.
Африка - теңіз жақұтын жолықтыруға болатын жалғыз мекен емес. Калифорния мен Род-Айленд жағалауынан да кездестіруге болады. Олардың көптігінен судың жоғарғы қабаты аспаннан түскен алмаздай көзге шағылыспақ.
Жапон балықшылары осынау құбылысты «tama-mizu», не болмаса қымбат тастармен сәнделген судың жоғары қабаты деп атайды.
Көздің жауын алған сұлулық қиын әрі құпия сырлы болмақ, бірақ, жылт-жылт ететін ерлер бөлігі екен. Дәлірек айтсақ, ерлер бөлігі су бетінде жүзіп, жылтылдап жүргенде, ұрғашылары тосын әрі тылсым аймақтардан өздеріне "үй" сайламақ. Сол арқылы олар өзара сайысқа түскен ерлерін әрдайым күтіп жатпақ.
Жақұттардың жарқырауық жұмбақ күйі кристалдық камераларының микроскопиялық қабаттарында жатқан көрінеді. Көк түс осынау кристалдық қабаттардан дарып, жақсы сақталып, жақсы шағылыспақ. Түр-түсі қымбат бағалы тастың пигменттенуінен гөрі, мұнайға келеді екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: deepseanews.com
Л. Лига