- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ван Дамм түскен...
Ван Дамм түскен проморолик Volvo-ға $170 млн табыс әкелді
Былтырғы жылдың қараша айында YouTube бейне порталына жарияланған Жан-Клод Ван Даммның қатысуымен Volvo проморолигі бейнеқор тарихында ең танымал көлік жарнамасы болды. Осы уақытқа дейін оны 70 млн-ға жуық адам көріпті.
Америкалық актер Жан-Клод Ван Дамм параллель жүріп бара жатқан Volvo жүк көлігінің ортасында фирмалық көлденең шпагатына отырып, өзінің тамаша керілім мен төзімділігін көрсететін Volvo компаниясының жарнамалық ролигі YouTube тарихында көліктердің ең танымал жарнамалық ролигі болды. Видеопорталға былтырғы жылдың қараша айында жарияланған бейнеклипті осыған дейін 70 млн-ға жуық адам тамашалаған.
Роликтің өндірісіне құйылған 20-30 млн крон ($3-4,7 млн) компанияға 1,1 млрд крон ($170 млн) әкелген.
– Егер жалпы нәтижеге қарар болсақ, онда роликтердің медиялық құндылығы бізге тиген 1,1 млрд кроннан да асып түседі. Мысалы, интернетте пайда болған роликтің копияларын санаған жоқпыз, – дейді Volvo Trucks баспасөз қызметінің басшысы Пер Нильссон.
Ван Даммның бұл трюгіне біраз пародия да жасалды. Мысалы, Чак Норрис екі ұшақтың қанатында шпагатқа отырған ролик шығарды. Ал голливудтық актер Ченнинг Татум «Мачо және ботан 2» комедиясының түсірілімінде жүк көліктерінің орнына тағам таситын арбаны пайдаланып, осы роликке пародия жасамақ болған. Алайда, бұл талпынысы сәтсіз аяқталады – роликтің соңында актердің жерде құлап жатқаны көрсетілген.
«Эпикалық сплиттің» өз нұсқасын шведтік Хёганес қаласының әкімі де ұсынды: қолын айқастыра көкірегіне қойып, бір орында тұрған екі пикаптың терезелеріне аяқтарымен тіреліп тұрады. Сонымен қатар Volvo Trucks президенті Клаэс Нильссонның Гётеборг айдынының үстінде кран арқылы тігінен көтерілген жүк көлігінің капотында тұрған ролигі де шықты.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina