Америкалық өнертапқыш Пол Элкинс Жапониядағы үйсіздердің күйімен танысып, онымен қоймай Нью-Йорктың панасыздарын ойлап басы қатқан соң, оларға арнап аса қымбат емес, ыңғайлы үй жасауды ұйғарады.
Бұл үйшіктерде адам қыста да, жазда да өмір сүре алады. Ол үйдің қабырғасын арнайы coroplast деген материалдан жасауды ойлайды. Бұл шикізат пластиктен тұрады әрі оңай майысады, оны қойғанда пайдасы да орасан болып шықты: суды өткізбейді және жылу сақтайды.
Бұл үйшіктің кішкенелігіне қарамастан, мұнда 2 адам да мекендей алады. Сыртынан өте кішкентай болып көрінгенімен, іші еркін қимылдауға мүмкіндік береді.
Бұл үйдің құны бар болғаны 100 ғана доллар (15 000 теңге). Үйшікті өзіңіз-ақ бір күннің ішінде тұрғызып аласыз.
Өнертапқыштың сайтында үйдің қалай құрастырылуы керектігі жайлы суреттері мен ақпараты бар.
Бұл үйшікті жасаған адамның екі бірдей қасиетіне таңғалуға болады:
1. Америкалықтың үйсіздердің жағдайына алаңдап, олардың мәселесін шешіп беруге деген ниеті. Ол бұл ісі үшін ақша да, атақ та талап етпеген. Үйді құрастыру туралы ақыл-кеңестерін ұсынғаны да өзгелердің жағдайына алаңдаушылық білдіргені емес пе?!
2. Үйсіздерге үйшіктер керек-ақ. Бірақ бұл үйлерді ешкім де нарыққа қосып, бизнес жасамайтыны белгілі.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com