Көбіне қала тұрғындары ит, мысық секілді үй жанураларын өз пәтерлерінде асырайды. Олармен ойнап, бірге тамақтанып, кейде бір керуетте ұйықтайды. Кейде үй жануарларына деген "махаббатымыздың" кесірінен олардың белгілі-бір аурудың таратуы мүмкін екендігін ұмытып кетеміз. Зерттеушілер 500-ге жуық зерттеу жұмысынан соң, мысық, ит пен үй атжалманынан (хомяк) жиі жұғатын ауруларды анықтаған.
Асқазанның қабынуы
Campylobacter jejuni атты диарея, жүрек айну мен қызу тудыратын бактерия мысық не иттің зәрі арқылы тарайды. Бактерия түрі адам асқазанының қабынуына алып келеді.
Безгек
Егер сіздің мысық тырнап алса, онда жарақатқа Bartonella бактериясы түсу мүмкіндігі жоғары болмақ. Нәтижесінде қызуыңыз көтеріліп, лимфа түйіндерінің ісігі туындайды. Бактерия бүргенің сыртқы қабатында өмір сүреді, мысық тырнағына қасынған кезде түседі. Сондықтан, мысық не итіңізді жиі жуындырып, үстін бүргеден қорғайтын арнайы дәрілермен тазалағаныңыз абзал.
Дерматомикоз
Бұл инфекцияны саңырауқұлақтар тудырады және оның алғашқы белгілері – денедедегі қызыл дақтар. Мысықтар иттерге қарағанда дерматомикозды жиі тасымалдайды. Инфекция жанасу арқылы беріледі. Егер үй жануарының терісінен қызыл дақтарды байқасаңыз, бірден мал дәрігеріне барыңыз.
Паразиттер
Микроскопиялық паразиттер (ішек лямблиясы, криптоспоридия) жануралардың нәжісі мен терісінде кездеседі. Егер паразиттер жұққан жағдайда, диарея ауру туындайды. Сол себепті, үй жануарымен қыдырып, оның жатын орнын тазалағаннан кейін міндетті түрде қолды сабындап жуу керек.
Менингит
Pasteurella multocida бактериясы лимфа түйінінің ісігі, қызу мен менингиттің пайда болуына себеп болады. Бактерия мысық пен иттің ауыз қуысында өмір сүреді. Тістіп алған немесе денені жалаған жағдайда беріледі.
Үй жануарлары – адамның ең жақын достары. Десек те, тар пәтерде аурудың түр-түрін жұқтырып алуға болады. Сол себепті үй жануарларын ауласы бар үлкен үйде ұстағаныңыз жөн.