- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ұстау түгілі жанына...
Ұстау түгілі жанына жақындаудың өзі қауіпті саналатын улы өсімдіктер
Бұл топтамада қолдану түгілі жанына жақындаудың өзі қауіпті саналатын өсімдіктер ұсынылған. Кейбірінің улылығы соншалық, адамды ақылға қонбайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.
1. Скунс қырыққабаты
Скунс қырыққабаты өте үлкен көлемді келеді. Ол Солтүстік Американың батпақтарында өседі. Өсімдік иісі скунстың қорғаныс кезінде шығаратын иісіне ұқсайды екен. Тұрғылықты американдықтар скунс қырыққабатының кей бөлігін жеуге жарамды деп есептегенімен, шынында, бұл өсімдік өте улы. Мұның себебі, өсімдік құрамында кальций оксалатының болуында. Егер қырыққабаттың улы жерін жесе, ауыз бен тамақ күйіп, әлсіздік сезіледі және жұтыну да қиын болады.
2. Сарғалдақ
Сарғалдақ та кеңінен таралған улы өсімдіктердің бірі. Бұл гүл бөлетін токсин бөртпе ауруының пайда болуына әкеледі, ал оны тағамға қосса дене ағзалары мен жүйке жүйесі уланып, қайғылы нәтижеге алып келуі мүмкін.
3. Алып балдырған
Алып балдырған жай ғана жанасудан соң-ақ ауыр жарақат әкеледі. Күн сәулесі түскен кезде қою шырын бөледі. Дәл сол шырын теріге тиген кезде химиялық реакцияға түсіп, терінің, ағзаның және жасушалардың өлуіне алып келеді. Алып балдырғанның шырыны бетке тисе, көздің көрмей қалу да мүмкін. Әдетте алып балдырғандардың биіктігі 2,5 метрге жетеді.
4. Қатерлі камас
Камас Оук графтығындағы Солтүстік-Батыс Америка ормандарында өседі. Камастың түсі ашық келеді. Аталған өсімдіктің бірнеше түрі кездеседі. Солардың ішіндегі улысы – солғын түстісі. Камастың кішкене уының өзі ағзаға түссе, өлімге алып келеді.
5. Періштедей құбырлар
Бұл өсімдік Оңтүстік Америкада өсіп-өнеді. Өсімдік гипноздық қасиетке ие – адам естен танбайды, бірақ өз әрекеттеріне жауап бере алмай қалады.
6. Гималай қара бүлдіргені
Әдеттегі қара бүлдіргеннен айырмашылығы «Гималай» сабағының диаметрі 5 сантиметрге дейін жетеді және ол акуланың тісі тәрізді ұзын тікенектермен қапталған. Әдеттегі қара бүлдірген жеуге жарамды болса, Гималай қара бүлдіргені өте улы.
7. Джимпи-джимпи
Джимпи-джимпи деп аталатын аустралиялық осы бір ағаш аса қауіпті әрі улы. Джимпи-джимпи уының әсерінен болған азаптың қаттылығы сонша, уланғандар өз-өзіне қол жұмсауға дейін баратын кездер болған. Мәселен, ағаштың жапырағын қолданған бір ер кісі уланып қалып, азапқа шыдай алмай атылып өлген екен. Ағаш құрамындағы токсиннің әсерінен адам денесі екі жыл уақыт күйіп жүруі мүмкін.
8. Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы
Жаңа Зеландиялық қалақай ағашы жанынан өткен адамның өзін өлтіруге қабілетті өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдіктің биіктігі 5 метрге дейін жетеді, бірақ басқа өсімдіктердің тасасында жасырынып өседі. Ол нейротоксин уын бөлетін ұзын инелермен қаруланған. Бірде өсімдік сабағына қолы тиіп кеткен бір аңшының жүйке жүйесіне зақым келіп, көз жұмыпты. Егер адам у әсерінен бірден қаза таппаса, психикалық ауруларға шалдығады.
9. Сүттіген Лорель
Бұл өсімдікке қарап отырып әдемі безендірілген саябақта өсетін өсімдіктердің бірі шығар деген ой келеді. Алайда, бұл алдамшы ой: өсімдік өте улы. Оның санаулы ғана жидегін жеудің өзі барлық ағза мүшелерінің зақымдануына әкеліп, шарасыз өлімге себепші болады. Бір қызығы, кей тайпалар сүттіген Лорельді жұқпалы ауруға шалдыққандарға дәрі ретінде қолданған екен.
10. «Қызыл тасқын» балдырлары
Кіп-кішкентай теңіз балдырларының себебінен су беті жылдың белгілі бір уақытында тот басқандай күйге енеді. Бұлар адамға байқаусызда тиіп кетсе, аяқ-қол параличіне және тыныс алу жолдарының семуіне алып келеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: publy.ru, vk.com
Ж. FM