Ұлыбританияда жолаушылар тасымалдайтын ұшақтарға ұшқышсыз ұшу технологияларын енгізіп жатыр. Осыған байланысты бірнеше сынақ өтіп үлгерді. Осы жаңа жүйені сәуір айында тағы да бір сынақтан өткізді. Нақтырақ айтсақ, олар бизнес-джетті (шағын ұшақ) 800 шақырымға ұшқышсыз ұшырды. Ұшақтың автономды жұмысына тәжірибелі ұшқыштар Жерден бақылау жасап отырды. Бизнес-джет Ланкаширдегі Вартон аэродромынан ұшып, Шотландиядағы Инвернессеге қонды.
Сынақ ASTRAEA консорциумының қолдауымен жасалды. 19 орындық ұшақ detect-and-avoid (табу және кедергілерді айналып өту) жүйесі арқасында жақын маңдағы ұшақтардан айналып өтіп, өзіне ең қолайлы маршрутпен ұшып өтті. Ұшақ пен жүйе сынақтан өткізу барысында мамандар виртуалды кедергілерді пайдаланды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: luxlux.net