Ұшқышсыз ұшақ сынақтан өтіп жатыр

Ұшқышсыз ұшақ сынақтан өтіп жатыр

Ұлыбританияда жолаушылар тасымалдайтын ұшақтарға ұшқышсыз ұшу технологияларын енгізіп жатыр. Осыған байланысты бірнеше сынақ өтіп үлгерді. Осы жаңа жүйені сәуір айында тағы да бір сынақтан өткізді. Нақтырақ айтсақ, олар бизнес-джетті (шағын ұшақ) 800 шақырымға ұшқышсыз ұшырды. Ұшақтың автономды жұмысына тәжірибелі ұшқыштар Жерден бақылау жасап отырды. Бизнес-джет Ланкаширдегі Вартон аэродромынан ұшып, Шотландиядағы Инвернессеге қонды. 

Сынақ ASTRAEA консорциумының қолдауымен жасалды. 19 орындық ұшақ detect-and-avoid (табу және кедергілерді айналып өту) жүйесі арқасында жақын маңдағы ұшақтардан айналып өтіп, өзіне ең қолайлы маршрутпен ұшып өтті. Ұшақ пен жүйе сынақтан өткізу барысында мамандар виртуалды кедергілерді пайдаланды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: luxlux.net

Б. Қосмағамбет