Ұшқыш тышқан

Ұшқыш тышқан

Әлем күндеп емес, сағаттап дамуда. Тіпті компьютер тышқандарының өзіне қанат бітуде – KibardinDesign студиясы жақында ұша алатын тышқанды көпшілікке таныстырды. Сәйкесінше құрылғы Bat (жарғанат) атауын иеленген. Қазіргі таңда бұл қияли болып көрінгенімен, іске асыруға болатын нәрсе. Аталған студияның сайтында гаджет тестілеу және нарықты талдау кезеңінде екені айтылған. Бұл Bat-тың жақында арада жаппай жарыққа шығатынын білдіреді.

Ол қалай қалай ұшады? Мәселе сиқырда емес, бар болғаны магниттерде. Тышқан астына қойылатын сүйемел мен шығыршықта құрылғы ұша алатындай етіп магнит орналастырылған. Айтпақшы, мұндай принцип монорельсті поездарға да қолданылып келеді, сондықтан адам қолының салмағына мұндай конструкция төтеп беруі қажет. Белгілі болғандай тышқан жерден (сүйемелден) 40 миллиметрге немесе 1 килограмм салмақ түскенде 10 миллиметрге көтеріледі. Бұдан басқа, мұндай шешім білек каналы синдромының алдын алуға септігін тигізеді.

Әзірге аталған құрылғының бағасы және қашан сатылымға шығатыны белгісіз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ferra.ru

Ж. FM