- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ұшақ қанатында билеген...
Ұшақ қанатында билеген қыздар
Сарах Таннер, Дэниел Хадженс және Стелла Гуилдинг есімді үш қыздан құралған би тобы әлемдегі бірден-бір ұшақ қанатында билейтін бишілер боп қалды. Жер бетінен 304 метр биіктікте өнер көрсететін қыздардың батылдығына таң қалмай тұра алмайсыз. Әуеде қалықтап бара жатқан қос қанатты ұшақтың бөлмесінен шығып, оның қанатының үстінде өнер көрсеткен сәттегі ұшақ жылдамдығы 241.4 шақырым екен.
«Зеңгір аспан аясында емін-еркін биге басу, күрделі де, қиындығы жоғары әрекеттерді орындау бізге шексіз ләззат сыйлайды» дейді 31 жастағы құрбылар. Олар алдағы уақытта әр елде өнер көрсететінін де айтқан.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: yahoo.com
Қ. Қауымбек