Ұрпақ қуалайтын қарғыс

Джозеф Кеннедидің қай тұстан ағаттық жасағанын білмеймін, бірақ, артында қалған бүкіл үрім-бұтағы кесірден арылып бітер емес.

Мәселен, оның үлкен ұлы кіші Джозеф 1944 жылы соғыста көз жұмса, артынша араға төрт жылды салып барып қызы да әуе апатынан қайтыс болады. Ал атақ пен даңққа бірдей бөленген, сол уақыттарда Американың президенті болған екінші ұлы Джон Ф. Кеннеди 1963 жылы қарақшының оғынан мерт болса, артынша 1968 жылы сенатор Роберт Кеннеди де біреулер өлтіріп кетеді. Одан, 1984 жылы Роберттің ұлы Дэвид есірткіні шамадан тыс қолданудың барысында жан тапсырса, екінші ұлы 1997 жылы сырғанап жүріп, оқыстан көз жұмады.

1999 жылы кіші Джон мен оның әйелі Каролин Бессет өз сіңлісін алып, үшеу болып шағын ұшақпен сапарға кетіп бара жатып, апатқа ұшырайды. Одан қала берді, әулетте бала тастау, өзін-өзі өлтіру, рак, жүрек аурулары жән сәтсіз жағдайлар шеттен тыс көбейіп кеткен.

Тіпті, жол жүрудің өзі де бұл әулетке оңайға соқпапты. Алыстан алмай-ақ, 2006 жылы Патрик Кенеди дәрігердің нұсқауымен ішіп жүрген емі жақпай, көлік апатынан әзер дегенде аман қалады. Ал әкесі Тед Кеннеди мінген ұшаққа жасын түсіп, мұхитқа батып кетпей, жан сақтап қалыпты.

сурет:doseng.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек