Заң органдары десе, көз алдымызға суық дүние елестейді. Сөйтсе, олай емес екен. Мына бір ұғымға еш симас, қиялдан туған заңдар соның нақты бір көрінісі. Оның көш басында Ұлыбритания тұр. Иә, кәдімгі өзіміз естіп, бір көріп қайтқымыз келіп жүрген Ұлыбритания. Оларда бәрі басқаша сияқты. Біздегідей емес. Олар заңды күліп отырып шығарады екен. Күліп отырып, әлем назарын өздеріне аударады екен.
Ұлыбританияның ұғымға сыймас 10 заңы:
Парламент палатасында өлуге болмайды. Ұлыбританияның королі мен королевасының пошталық маркасын басынан төмен қарай орналастыру мемлекетті сатумен бірдей. Әйел заты Ливерпул қаласында кеудесін ашық ұстауға болмайды, тек тропикалық балық сататын магазин саудагеріне ғана рұқсат. Рождество күні жаңа жылдық тәтті тоқаштарды жеуге жол жоқ. Шотландияда есігіңізді біреу келіп ұрып, әжетханаңызды пайдалануға сұраса, онда кіргізуге міндеттісіз. Біріккен корольдікте екі қабат әйел кез келген жерде жеңілденіп ала алады. Оның ішінде, милиция қызметкерінің тақиясына да. Британия аралынан табылған өлген киттің басы бірден корольдің меншігіне өтеді. Ал құйрығы королеванікі. Салық төлеу органдарының қызметкерлеріне хабарландыру жасауға болмайды. Олардың пайдасына шешілетін жаңалық болса да. Парламент залына латамен кіруге болмайды. Ежелгі қала болып саналатын Йорканың маңында бірде-бір шотландықты өлтіруге болмайды. Егер өзімен бірге садақ пен жебесі болмаса.Ұлыбританиядан тыс ұғымға сыймас заңдар:
Огайада ішімдік пен балықты қатар қолдануға болмайды. Индонезияда мастурбация жасау бассыз қалумен бірдей. Бахрейнде ер-генеколог әйел баласын айнаның ар жағынан ғана көріп, емдей алады. Швейцарияда түнгі 10-нан асқан соң, түрегеліп тұрып демалуға болмайды. Алабама қаласында басты таңып алып көлік жүргізуге болмайды. Флорида қаласында әйел затына жексенбі күндері парашютпен секіруге болмайды. Вермонт штатында әйелдерге тіс протезімен жүруге рұқсат жоқ. Күйеуінің рұқсаты болмаса. Милан қаласында адамдарды қай уақытта болмасын күліп жүруге міндеттейтін заң бар. Тек қаза мен дәрігерге барғанда ғана күлмеуге болады. Францияда шошқаны Наполеон деп айтуға рұқсат жоқ.Суреттер: moveovertennessee.org