Түс көрдім, түсімде үлкен іс көрдім

Түс те болашақтан белгі береді. Келісіңіз! Ал келіспесеңіз, сіздерге ұлы адамдардың түстерін айтып берейік.

Сократтың түсі:

Сократ өмірден озар шағында түсінде Гомерді көрген. Гомер оған түсінде: «Сен үш күннен соң құнарлы әлемге тап боласың...» деген белгілі өлең жолдарын айтады. Осы түстен соң, Сократ расында да үш күннен кейін о дүниеге аттанып кетеді. Кейбіреу бұл Сократтың өлетініне аян берген түс деп жориды. Бірақ басқалар дүниеден өтеріне бір миунт қалса да, дым сезбей кетіп жатыр емес пе?

Силланың түсі: Силла өлер шағында ұйықтап жатып түсінде Паркиді (рим мифологиясы бойынша ол тағдырдың: өлім мен өмірдің құдайы) көреді. Ертесіне ол да "арғы жаққа" аттанып кетеді.

Наполеонның түсі:

Бонапарт болашақ мемлекеттік құрылымға жоспар құрып жүрген шағында ұйықтап, түс көріпті. Сол кезде оның түсіне жыртық киім киген шашы ұзын әдемі әйел кірген. Алба-жұлба болған әйел көзінен жасы сорғалап оның аяғына жығыла кеткен. Наполеон оны орнынан сүйеп тұрғызып жұбата бастаған. Бір мезетте әлгі әйел көзден ғайып болып, орнында тек жүзігі ғана қалып қойған. Бұл түске таңырқаған Бонапарт қызғандырып алам ба деп ойламастан, оны Жозефинаға айтып берген. Күндес пайда болар деп күдіктенген Жозефина бір білгір тәуіпке барады. Бірақ одан пайда бола қоймайды. Бұл түске тәуіптің айтары болмаған. Көп өтпей-ақ Наполеон Францияны басқаратыны туралы жақсы хабар келді. Сонда ғана ол өзінің көрген түсін жақсылыққа жорыған. Әлгі келген әдемі келіншекті Франция деп санаса, ол берген жүзікті билік деп түсінген.

Густав Адольфтың түсі:


Бұрындары Люцеск соғыстарында швед королі Густав Адольф отырған орнында ұйықтап кетіп, түсінде табан астында өсіп шыққан жапырағы мен гүлі көп алып ағашты көреді. Артынша-ақ сол ағаш бір монархтың аяғының астында тапталып қалады. Таңертең ол түсін күліп тұрып жарияға жар салып айтып береді. Бірақ мұның астарын сезген халық түсті аса үнсіздікпен тыңдап, көңілсіз қалады. Ал келесі күні олар үлкен жеңіске жетеді де, корольдің өзі сол соғыстан кейінгі той үстінде қайтыс болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер:cocteil.blogspot.com, the100.ru, p-i-f.livejournal.com