- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Тұманнан су алатын...
Тұманнан су алатын материал жасалды
Эйндховен Технологиялық университеті мен Гонконг политехникалық университетінің мамандары суды жақсы сіңіре алатын материал жасап шығарды. Материал өз бойына салмағынан 340%-ға артық болатын суды жинай алады екен. Ғалымдар оны болашақта шөлді аймақтарға су өндіру үшін пайдалануды жоспарлап отыр.
PNIPAAm аталған материал ауа температурасы 34 градусқа дейін болған кезде, суды өз бойына еркін сіңіреді. Ал температура 34 градустан асқан кезде, материал бойына жинаған бүкіл ылғалды дайын су күйінде шығарады. Және бұл цикл бірнеше мәрте қайталанады.
Жоба өндірісі экономикалық жағынан да тиімді. Себебі көп қаржыны қажет етпейді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com