Цунами

Цунами
Фото: 24.kz

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биіктігі ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мысалы, адамзат тарихындағы цунамимен байланысты ең ірі апат — 2005 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда болды.

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Цунамидің жойқын күшінен 300 000 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада) жиі қайталанады. 20 ғасырдың 40 — 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын цунами қызметі құрылды. Болжам цунами толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

 

дереккөз: bilim-all.kz

Т. Есқали