Цемент құрылыс саласында алғаш рет біздің заманымызға дейінгі II ғасырда қолданылған. Римдіктер қаланғантастардың арасын біріктіру үшін әкке Везувий беткейлеріндегі жанартау күлінің қалдықтарын қосу арқылы жаңа құрылыс материалын ойлап тапқан. 1824 жылы Джозеф Аспдин заманға сай портландцементін ойлап тапты. Оның құрамына құм, ұсақталған тас пен суды қосып құрылыс материалы бетон ретінде қолдануға болатын. Ол түскен қысымдардың барлығына төтеп беретін, бірақ, оны созу мүмкін емес. Ал, темір бөренелердің пішінін өзгерту ыңғайлы болғанымен, қысымға төтеп бере алмайтыны екі құрылыс материалын бірге қолдану идеясына алып келді.1850 жылдардың басында Жан-луи Ламбо Францияның оңтүстігінде темір торға бетонды құю арқылы бірнеше кішкентай қайық жасады.Ал, британиялық Уильям Уилкионсон 1854 жылы арматурлы темірбетонды Ньюкаслдағы екі қабатты үйді тұрғызуға қолданған алғашқы адам.1846 жылы Джозеф Монье Тюильри бағының бағбаны ретінде жұмысқа орналасады. Қыста жылыжайда апельсин ағаштарын егу үшін оған тығыз, сынбайтын, бақшаға арналған тіреуіштер керек еді. Монье бірнеше тіреуішті бетоннан жасайды. Бірақ, оларда уақыт өте жарықтар пайда болғанын аңғарады. Сондықтан, тіреуіштің қабырғасын қызған темір арқылы бекітеді.Сол уақытта температураның ауысуынан темірдің элементтері бетонның құрылымын бұзады деген болжам да болған. Бірақ, үш жыл ішінде бірде бір тіреуіш жарылмаған.1867 жылы Париждегі көрмеде Монье арматурлы бетонды халыққа таныстырды және су қоймаларында қолдануға алғашқы патентке ие болды. Кейін бассейндерге (1868), құрылыс панельдеріне (1869), көпір конструкциясына (1873) патент берілді.1875 жылы Моньенің басқаруымен Шазалье темірбетонды көпір салынды. 1879 жылы инженер-құрылысшы Густав Вайс Моньенің барлық патенттерін сатып алып, пайдалану құқығына ие болды.Бірнеше жылғы еңбектен соң бүгінде біз қолданатын темірбетондар мен цемент өнімдері құрылыс материалдарының ішіндегі ең маңызды рөлге ие болады.