Келе жатқан 22 наурыз мерекесі құтты болсын!!! Бір қарап шығуға тұрарлық әлем ақпарларын назарларыңызға ұсынамыз.
Ирландық ермек қуған бір топ жас өз араларында қызықты жарыс түрін өткізген. Ойын шарты бойынша, әр жарыс қатысушысы 36 сағат ішінде еш ақшасыз, тиын-тебенсіз шамалары жеткен жерге дейін барулары керек болған. Сөйтсе, жүлдеге қол жеткізгісі келгендері Аргентина, Аустралия мен Малайзия елдеріне дейін кетіп қалыпты.
Диснейлік кинолардың басты бетіндегі қамал суреті ақиқат өмірдің тұрмысынан алынған. Германиядағы әлгі қамал Уолт Диснейді таң-тамаша қалдырған көрінеді.
Жапониядағы 2011 жылғы алапат цунами мен жер сілкініс кезінде радионың көмегімен басқарылатын жәндіктер іске қосылған.
Торт үстіне шам қоюды ең алғаш гректер ойлап тапқан. Толған айдың белгісін білдіретін бәліштерге айналдыра отырып шам қадап, Ай құдайы Артемиданың құрметіне жағатын болған.
Вашингтондағы Америка тарихын толық баяндайтын мұражайда 16 ғасырда жасалған монах-құлтемір тұр екен.
Жаңа Зеландияда бірде-бір жолмен байланыста жатпаған бір жол бар болып шықты.
Құлдықты мүлдем доғаруға Мавритания мемлекеті үшінші рет адым жасап отыр: 1905 жылы, 1981 жылы және ең соңғысы - 2007 жылдың тамыз айында. Аталған ел әлемдегі ең соңғы құл иеленуші мемлекет саналады.
Неміс аудармасы бойынша жасалған "Крепкий орешек" киносындағы барлық лаңкестердің есімі ағылшынша болып келеді.
сурет:independent.ie; liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек