Толықтай сәтсіздікке ұшыраған гаджеттер

Толықтай сәтсіздікке ұшыраған гаджеттер

Бүгінде технологияның дамығаны соншалық тіпті гаджеттер де әлемге өзгеріс әкелуде, - мәселен,  iPhone. Алайда, әкелер пайдасы жоқ және қисынсыз көрінетін құрылғылар да жеткілікті. Қалай болғанда да, аталған гаджеттер сатылымға енді шыға бастаған кездері елді біраз шулатып еді, бірақ, өкінішке орай, тез ұмытылып кетті. Алдарыңызда жақында шыққан осындай гаджеттердің бірнешесі.

HTC First (2013)


HTC First смартфонының басты артықшылығы ретінде «Фейсбукке» арналған қосымша болуын айтуға болады, бірақ смартфон сатылымға шыққан аптада-ақ, Google Play-ден дәл сол қосымшаны тегін жүктеп алу мүмкіндігі пайда болды. Осының нәтижесінде компанияның аталған моделі толықтай сәтсіздікке ұшырады.

Google Nexus Q (2012)


Google компаниясы Google Nexus Q телеприставкасын жасау арқылы өз-өзіне ор қазғандай болды:өзінің әдемі дизайніне қарамастан,бұл гаджет әлеуметтік желілерді одан сайын әлеуметтік етуге ғана арналды – аталған құрылғының  көмегімен қолданушылар суреттер мен YouTube-тағы клиптерден кезек құрып, оларды өзінің телефоны немесе планшетінен басқа біреуге жібере алды. Әрине, бар болғаны осы қызмет үшін құны 299 доллар тұратын телефонды кім сатып алсын. Осындай күйреуге қарамастан компания жақында Nexus Q2-ні шығармақ ойы бар екен.  

Sony Tablet P (2012)


Кейде екі – бірден нашар болып жатады. Мысал ретінде екі 5,5-дюймдік дисплейі бар Sony Tablet P планшетін айтуға болады. Оны жиналмалы төсек ретінде де, немесе әдеттегі экран ретінде де қолдана аласың. Бірақ көлемі не ары не бері емес. Аталған құрылғы кеудеше қалтасына сыйғанымен, джинсы қалталарына салуға келмейді. Ал оның құны – 549 долларды құрайды. Кейбір қосымшалардың екі экранға да ұзартылғанымен, бірден екі бөлек қосымшаны басқару мүмкін емес  – құрылғыда бұл жайт қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, құрылғының ең басты кемшілігі ретінде оның LTE желісін оқымайтындығын айтып кеткен жөн.

HP TouchPad (2011)


Қазір бұған сену қиын, дегенмен 2011 жылдың шілде айында HP жасап шыққан TouchPad планшеті асыға күткен құрылғылардың бірі еді. Шынымен де кейбір қосымшалар айтарлықтай жақсы болды, мысалы, таймменеджментке арналған Stacks, алайда көптеген қателіктер (багтар) мен құрылғының жұмыс істеу ақырындылығы оның сәтсіздікке ұшырауына мәжбүрледі. Нарыққа шыққанына үш ай толмай жатып HP өзінің планшетіне және WebOS-пен байланыстының бәріне қол сілтеді.

Microsoft Kin One және Kin Two (2010)


Microsoft-тің Kin құрылғысы нарыққа шығу кезінде алып компания потенциалды клиенттерге жаңа смартфонды жасауға үш жыл уақыт жұмсалғандығын хабарлады. Соған қарамастан, компания құрылғыға стандартты қосымшалар мен ойындарды енгізуді ұмытып кеткен. Сонымен қатар, шығындарды жабу үшін компания сатып алушыларға тым қымбат тариф ұсынуға мәжбүр болды. Нәтижесінде тауардың нарыққа шыққанына алты апта өткеннен соң Microsoft аталған өнімді сатылымнан алу тастау туралы шешім қабылдады.

Twitter Peek (2009)


QWERTY-пернетақтамен жабдықталған құрылғы сырттай әдеттегі телефонға ұқсайды. Ол бар болғаны Twitter-жазбасын жүргізуге, басқа қолданушылардың жазбасына жауап беруге, сондай-ақ, тікелей хаттармен алмасып тұруға мүмкіндік береді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: publy.ru, apploidnews.com 

Ж. FM