- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- «Тетристі» ойлап тапқан...
«Тетристі» ойлап тапқан кім?
Аңызға айналған «Тетристі» кеңестік бағдарламашы, КСРО Ғылым Академиясының Есептеу орталығының қызметкері ойлап тапқан.
Бүгінде көп адам «Тетрис» ойынын жүктеп жатып, мұны Кеңес Одағының азаматы ойлап тапқанын аңғармайды. Бұл тарихи фактімен қоса сіздерге «Тетрис» жайлы бірнеше қызықты мәлімет топтастырдық:
1. Батыста «Тетриспен» ассоциацияланатын әуен – бұл орыстың халық әні «Коробейникиден» («Ой, полным-полна моя коробушка…»). Мұны танымал «Тетристің» әуені екен деп, көптеген батыс музыкалық топтары мен орындаушылары бұл әуенге неше түрлі ремикстер мен аранжировкалар жасаған. Ойынның кейбір нұсқаларында Иван Ларионовтың «Калинка» әні орындалады.
2. Ойынды ойлап тапқан Алексей Пажитнов жасанды интеллект пен сөз тану мәселелерімен айналысқан, ал идея тудыру үшін басқатырғыштарды пайдаланған, соның ішінде пентамино ойынын жиі ойнаған. Бұл өз кезегінде «Тетристі» ойлап табуға итермелеген.
3. Ойын Будапештке жеткенде, венгр бағдарламашылары оны Apple II және Commodore 64-ке ыңғайлаған. Бұл бірден британ софтвер компаниясының назарын аудартады.
4. 1987 жылы бағдарламаларды импорттаумен айналысатын Роберт Стейн ойынға қызығушылығын таныта бастайды. Ол Алексей Пажитновпен кездесу үшін арнайы Мәскеуге ұшып келеді. Стейнге белгісіз себептермен кеңес программисі оған «Тетрис» лицензиясын сыйға тарта салады.
5. Ойын құқығы Nintendo-ға $450 000-ға сатылған, оған қоса әр сатылған картриджден 50 цент қосылады. 1989 жылға дейін әлем бойынша ойынның 30 миллион көшірмесі сатылған.
6. 1988 жылғы «Тетристің» басты бетінде Юрий Гагарин мен спорттық ұшағын Қызыл алаңға қондырған Матиас Рустың суреті шығатын болған.
Сурет: konca.net.ua
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina