- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Тенере – әлемдегі...
Тенере – әлемдегі «ең жалғыз» ағаш болған
Африканың Тенере шөлінде өскендіктен «Тенере ағашы» деп аталған бұл акация тұқымдас тал, кезінде әлемдегі «ең жалғыз» ағаш болып есептелді. Себебі 400 шақырым радиуста басқа ағаш жоқ еді. Ғалымдар оның жасы шамамен 300-де екенін анықтады. Ағаш үш ғасыр бойы керуендерге бағдар болып, өзінше аялдаманың қызметін атқарған.
Қызығы сол, айдалада үш ғасыр бойы өскен Тенере ағашы 1934-1959 жылдар арасында «жол-көлік оқиғасының» құрбаны болған: оған машина соққан! Әдейі соқпаса, ми далада тап осы талға машинаның келіп соғу ықтималдығы тым мардымсыз деген күдік бар. Дегенмен, француз этнографы әрі саяхатшысы Анри Лоттың мәлімдеуінше, бұл ағаш 1959 жылы әлі тірі болған.
Қырсық шалғанда, жападан жалғыз тұрған бұл талға 1973 жылы тағы да машина соғып, ол ақыры сынып тынды. Ағаштың қалдықтары Нигер астанасы Ниамейдегі Ұлттық Музейге қойылып, орнына темірден ескерткіш орнатылды.
@. @assel_assanova