- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Темекінің тарихы ...
Темекінің тарихы
1492 жылы испаниялық теңізші Христофор Колумб Америка құрлығын байқағанда жергілікті халықтың құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, соны ысын иіскеп отырғанын кемедегі екі матрос байқап қалады. Бұл екі матростың бірі әлгі ысты сорып, сынап көрген. Бұл темекі тартқан тұңғыш еуропалық саналады. Испанияға қайтан соң ол құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, ысын соруды әдетке айналдырған. Мұны көрген көршілері таң қалып, оны «шайтан иектеген» деп жергілікті діни соттың түрмесіне қаматқан.
1946 жылы темекі жапырағы Испанияға кеңінен таралып, оны иісті өсімдік ретінде егетін болған.
1518 жылы испаниялық саяхатшылар маялықтардың темекі жапырағын түтікше ішіне салып тұтатып, тартып отырғанын көреді де, олардан сұрап тартып көреді. Бұл ең алғашқы темекіні сұрап тарту болса керек.
1530 жылға жеткенде темекі Испанияда кең көлемде тарала бастаған.
1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады.
1575 жылы көк темекі Филиппин арқылы Қытайға кіре бастаған.
1595 жылы англиялық дәрігер «Темекі жөнінде жаңа көзқарас» деген мақала жазып, тұңғыш рет темекінің зияны туралы талдау жасаған. Бұл қоғамда үлкен дау тудырған.
1600 жылы көк темекі лауандамен (хош иісті өсімдік) араластырып, Лондондағы әйгілі шіркеулерде иісті тұтатқыш ретінде пайдаланған.
1612 жылы Лондонда темекі саудасы қыза бастайды. Және Англияға он тонна темекі жапырағын жеткізген. Сол жылы Америкада темекі сынақ ретінде егіле бастады.
1616 жылдан 1627 жылға дейін көк темекі Қытай арқылы бүкіл Азияға тарала бастайды.
1639 жылы Қытайдың Мин дәуірінің патшасы жарлық түсіріп, темекіні шектеген. Және темекі тартқандарды өлім жазасына тартқан. Бұл темекі туралы тұңғыш заң еді.
1666 жылы Ұлыбританияда газеттерде темекі жарнамасы жариялана бастаған.
1799 жылы Наполеон Түркияға соғыс ашқанда, Анкараны қорғап жатқан бір топ әскер темекі түтікшесі жоқ болғандықтан, мылтық дәрісі қапталған қағазға темекі жапырағын орап тартқан. Бұл темекінің тұңғыш рет қағазға орап тартылуы еді.
1825 жылы швейцариялық ғалымдар темекі құрамын зерттеп, одан никотинді ажырату жолдарын қарастырған.
1881 жылы күніне 120 тал темекі қағазын орайтын машина патент құқығына ие болған. Бұдан бұрын темекі орау тек қолмен ғана жасалатын. 1900 жылға келгенде темекі маркасы 160-тан асып кеткен.
1902 жылы темекі тартуға қарсы тұңғыш басылым – «Темекінің зиянын аластау қозғалысы» деген кітап баспадан шыққан.
1927 жылы англиялық дәрігер Тайлор медициналық журналда жариялаған мақаласында өкпе рагына жолығатын аурулардың көбінің темекі тартатыны туралы тұңғыш рет ескерту жасаған.
1948 жылы «Америка медицина қоғамы» журналында «Психологиялық жақтан алғанда темекі жүйке жүйесін тыныштандырады, темекі тартуға қарсы болудың қажеті жоқ» деген пікір айтылған.
1955 жылы Американың кейбір штаттары темекі жарнамаларындағы «денсаулыққа пайдалы» деген сөз қолдануды шектеді. Осыдан бастап темекінің пайдасы туралы дерекке нүкте қойылды.
1957 жылы Америкада зерттеу орталығы құрылып, темекі тарту - өкпе ауруларына алып келетін зауал екендігін жөнінде қорытынды жасады.
1966 жылдан бастап барлық темекі қорабының сыртына «Темекі тарту денсаулыққа зиянды» деген ескерту басылатын болды.
1967 жылы Нью-Йоркта тұңғыш рет «Темекі және денсаулық» атты халықаралық жиын өтті. Содан кейін бұл жиналыс әр төрт жылда бір рет өткізілетін болып, темекі тастау туралы үндеу қызметі күшейе бастады.
1980 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 7 сәуірді «темекі тастау күні» етіп белгіледі. Әр жылы осы күн темекі тастауға үндеу күні болды.
1983 жылы Америка тұңғыш рет темекі тарту салдарынан көз жұмғандар саны 300 мыңнан асқанын жариялады.
1989 жылы АҚШ денсаулық министрлігі «Темекі тартатындардың өкпе рагына шалдығып өлу мүмкіндігі әдеттегі адамдардан 15 есе артық болатынын» жариялады.
Содан бері де әлемнің жер-жеріне темекі тартуға тыйым салынып келеді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек