XXI ғасыр техника мен ғылымның нағыз дамыған кезі. Күннен күнге жаңа технологиялар мен техниканың сан алуан түрлері қолданысқа еніп, адам баласының өмірін мейлінше жеңілдететінін сіз бен біз жақсы білеміз. Күнделікті пайдаланып жүрген техникалық құрылғылар жайлы қызықты деректер топтамасын сізге ұсынғалы отырмыз. Ұялы телефондардағы "блютуз" бен аудио күйтабақтың дыбыс ұзақтығы неге осындай екенін білгіңіз келсе, компьютер мониторларынан алыстамаңыздар.
Қазіргі заманауи ұялы телефондардағы Bluetooth технологиясының көмегімен біздер ақпаратпен алмасып, бірнеше құрылғыларды өзара жалғай аламыз. Ал технология атауы X ғасырда жан-жаққа тарап кеткен тайпалардың басын біріктірген Дания королі I Харальд Синезубскийдің құрметіне қойылған екен. Король секілді Bluetooth технологиясы байланыс протоколдарын да біріктірер деген үмітпен ойластырылған болатын. Бұл іс сәл дегеніне жете алмаған сияқты. Қандай болғанда да, "көк тістің" ақпарат алмасудағы ыңғайлығы мен қолданыстағы жеңілдігі үшін көптеген мобильді құрылғыларға орнатылып келеді. "Көк тіс" жайлы сәл ақпарат болса да біліп алдыңыздар деген ойдамыз.
Морзе әліпбиін ойлап тапқан кім?
Қазіргі сымды байланыстың негізін құрған Морзе әліпбиі туралы қызықты дерек сіздерге қызық болар деген сеніммен, мына бір ақпаратты назарларыңызға ұсынбақшымыз. Бәрімізге таныс Морзе әліпбиін Морзе емес, неміс инженері Рерке ойлап тауып, қолданысқа енгізген болатын. Морзе әліпбиінің бастапқы түпнұсқасы қолданыста ыңғайсыз болғанымен, АҚШ-тың кейбір темір жолдарында тіпті 1960 жылдарға дейін қолданылған екен.