Техно. Жастар ғаламторда түнейді
Балаларының әлеуметтік желілерде түнейтінін байқаған ата-ана, дабыл қағып, көмек сұрап жүр. Жастардың ғаламторда не істеп, не қойып жатқанын өздерінен басқа ешкім білмейді. Осы сұраққа жауап табу мақсатымен Click Consult компаниясы жастар арасында сауалнама жүргізіп, қорытындыға келген болатын. Нәтиже бойынша, 16-24 жас аралығындағы жастардың 65 %-ы теледидар көруден, ғаламтор желісінде отыруды жөн санайды екен. 25-34 жас аралығындағы жастар теледидар мен әлеуметтік желіге тең уақыт бөлсе, 55 жастан асқан адамдардың 32%-ы ғана көк жәшік көруден бас тартып, бос уақытын ғаламторда өткізетін көрінеді.
Жігіттерге қарағанда, қыздардың әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетінін де сауалнаманың қорытындысы көрсетті. Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 40 %-ы теледидарды көріп жатып, әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарында уақыт өткізетінін айтса, сұралғандардың 6%-ы Facebook пен Twitter-ге күніне 8 сағаттан астам уақыт жұмсайды екен.
Бүгін әлеуметтік медиа дағдарысы біз үшін жаңалық емес. Сауалнама қазіргі жастардың талғамдарын біліп, бос уақытын қалайша өткізетінін байқап, олардың жүріс-тұрыстарын дұрыс бағытқа бағдарлауды мақсат тұтты. Компанияның пайымдауынша, телевизияның заманы әлі бетпеген көрінеді, оның дамуына мультимедиалық мүмкіндіктердің зор екендігін Click Consult компаниясының директоры Мэтт Буллас айтып өтті.
Қандай болғанда да, адам баласы қазіргі сандық дәуірде өмір сүріп жатқандықтан, бос уақытының көп бөлігі ғаламтормен тікелей байланысты. Ғаламтор көзіне қосылудың өзі де қазіргі кезде еш мәселе туғызбайды. Егер ғаламтор осындай қарқынмен дами берсе, бірнеше онжылдықтан кейін, дүниежүзінде бірде-бір теледидар табылмйтын шығар.
Сурет: securitylab.ru
С. А