Тайландтықты телефоны өлтіре жаздады

Тайландтықты телефоны өлтіре жаздады

Тайландтықты телефоны өлтіре жаздады. Жаңа iPhone 5 смартфонының иесі телефонмен сөйлесіп тұрған жерінде құрылғысы жарылып кетті.

Жергілікті тұрғын Сувиша Ауесомаксакулдың айтуынша, телефон алдымен күрт ысып кетіп, түтіндене бастаған. Бұны көріп шошыған ол, гаджетін дереу жерге лақтырып жіберіпті. Содан кейін девайс шытырлар біраз жатқан да құдды петардадай жарылып кеткен.

Телефон иесі жаңа iPhone 5-ті екі ай бұрын сатып алғанын айтты. Қапа болған ол бұдан былай Apple компаниясының өнімдерін сатып алмаймын деп бекініп отыр.

Айта кетелік, Apple тарихында бұндай инцидент бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Бұған дейін құрылғының ескі версияларының жарылғандығы туралы ақпарат тараған еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: iphone-5.3owl.com

Massaget