- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Тапқырлық жануарларға да...
Тапқырлық жануарларға да тән
Жануарлар әлемінің адамзатты таң-тамаша қалдыратын бір қасиеті бар – тапқырлық. Олар табиғат "құрал-жабдықтарын" қалай қолданбақ. Осы төңірегінде ой қорытсақ.
Губандар "темір көріктермен" өлтіреді
Көп жағдайда банкіні ашу үшін амал жоқтан, бәрімізге белгілі, консері пышақтарын қолданып жатамыз. Ең жаманы, вино ішер тұста бұранда (штопор) табылмай қалатын сәттер кездеседі. Дәл осы қиындық губан балықтарының басында да бар.
Губан балықтары қиындықтан шығудың ең оңтайлы жолын тапқанға ұқсайды. Әрине, олар көп жағдайда қарсылықсыз жаратылған омыртқасыз майда тіршілік иелерімен қоректенеді. Бірақ, кейде ара-тұра олар да бар күш-жігерлерін салуға мәжбүр. Мәселен, жемтікке қабыршақ ішіне жасырынған ұлулар түсіп қалса. Міне, дәл осы жағдайда губандар темір төстіктерді (наковаль) басып-жаныштауға қолданады.
Сегізаяқтардың өз сенімді үйлері бар
Бүгінгі таңда көптеген ғалымдар сегізаяқтар дүниесін зерттеуге қызығушылық танытуда. Оған себеп те аз емес. Солардың бірі, сегізаяқтардың қорғаныс саласындағы тапқырлығы.
Ұлыбританияда аталған теңіз мақұлықтары мемлекеттің қорғау қарамағында.
Сегізаяқтардың денелеріндегі жұмсақ бөліктер жыртқыштың алдында әл-дәрменсіз. Мүлдем қорғансыз деуге келеді. Көп жағдайда сегізаяқтар тас қуыстарына дене бөліктерін жасырғылары келгенмен, ашық қалып жатады.
Сегізаяқтар "қауымы" бұл проблеманы бірлесе отырып шешіп тастапты: су астындағы өз паналарын какос қабығын пайдалану арқылы жасайтын көрінеді. Тіпті, шабуылдан қорғану мақсатында бір жерден келесі бір жерге какос қабықтары арқылы қозғалатын болып шыққан.
Көлік қызметін тұтынатын қарғалар
Көптен белгілі болғандай, қарғалар – қарапайым һәм ақылды құстар. Ғалымдар тарапынан бүгінгі таңда үлкен алғысқа ие. Олар осы бір ғасыр құстарының көліктерді пайдалана алатындықтарына шек келтірмеуде. Қалайша?
Әрине, көлікті жалға алмайды немесе жүргізбес. Бірақ бір жолы анықталғандай, қарғалар жаңғақты өздері шағып ала алмайтындықтан, көлік өтетін жолдарға тастап, күткен.
Ғалымдар әлі күнге даулы, қарғалар бұл қылықтарын біліп жасады ма, әлде басқалай ма...
Бұл жерде бір ғана ақиқат бар, қарғалардың ой-санасы жоғары екені анықталса, оған несіне таңғалу қажет.
Қоңыздар қорғаныс көбесін жасап шығарды
Қатал табиғат ортасында жақсы қорғаныс алдағы тіршіліктің дәм-тұзын анықтайды. Кімге жем болу, кімді жем қылу, бәрі уақыт еншісінде. Бірақ бұл қатардан қоңыздарды алып тастауға мәжбүрміз.
Бұл жыртқыштар (кішкене жыртқыштар) құмырсқа мен өзге де ұсақ бунақденелерді қорек қылады. Олар өз жемтіктерін арқаларына салып, сондағысы жемтіктерінен қорғаныш жасау, жыртқышқа жасар айласымен үйлеріне жол тартады.
Жемтік көп болған сайын, соғұрлым қоңыздар өздерін сенімді сезінеді. Ал егер алда-жалда қатер бола қалса, онда жемтіктерін тастай салып, қаша жөнелмек.
Қорғаныс – әскери саланың ең басты тапқырлығына баланады. Біздіңше, жәндік атаулысы бұл салада басып озған секілді ме?..
Пілдер айнадан өздерін таниды
Айнаны қолданысқа енгізуде тұрған еш қиындық жоқ. Иә, біздер үшін қиындық туғызбасы анық. Алайда, жануарлар мен кішкене бөбектер айнадағы бейненің өздері екендіктерін білмей жатады.
Ғылымда "Айна тесті" деген ұғым бар. Тест айна алдындағы сезімталдықты анықтайды.
Таяуда ғалымдар зерттеу жүргізіп көрген: пілдер айнаны өз қажеттеріне жарата ала ма? Ой-саналары қаншалықты дамыған? Ғалымдар сол жолы пілдердің маңдай тұстарына бормен белгі салып, айна алдына жіберген. Ал өздері сырттан тамашалап тұрыпты. Ақыры не болды деп ойлайсыз? Сөйтсе, пілдер айна алдына барғанда маңдайларындағы бордың ақ белгілерін тұмсықтарымен тазалауға тырысқан.
Қолтығына тас алып жүретін кәмшаттар
Кәмшаттар теңіздің ашық күндерінде ұлу қабыршақтарына арнап тас алып жүреді. Және онысын қолтық тұсына жасырады. Олар үшін ең бастысы, тастың қалыбы ұлу қабыршақтарын жара алса болғаны.
Олар ұлуларды ұстаған бетте қабыршақтарын таспен ұрып алып, ішіндегі бар қоймалжыңды жеп қояды. Кәмшаттар ұлу қабыршақтарын ұсақтау үшін тас қалыптарына өте үлкен мән беретін болып шыққан.
Орангутандар ысқыруды үйреніпті
Біздегі кейбір қасиеттер туа бітті болады. Ал жануарлар әлемінде бәрі басқаша. Олар құралдарды (инструмент) пайдаланып үйрене ала ма екен? Анықталғандай, бәрі де мүмкін.
Орангутанның кей қылықтары адамнан аумайды. Орангутандар қатты қорыққанда, өздеріне қастық ойлаған зымиян тіршілік иесін өздерінің ащы да сұрқай дауыстарымен қуып тастайды. Барлық орангутандарда солай.
Соңғы популяцияда орангутандар қатты дауыс шығара алатын қасиетке ие болған. Бүгінгі болжамға көз жүгіртсек, бұл жай ғана машық делініп отыр. Өйткені, орангутандардың арнаулы популяциясы ғана сол бір қасиет иелік етеді.
Өрмекшілер өз торына тас арқылы түсіреді
Патша өрмекшілер кішкене апандарда өмір сүреді және кез келген жарамды жемтік аулау жолында сыртқа шығып тұрады. Бұл жерде біз олардың аңшылық ауқымының тар екенін айтқымыз келеді.
Аңшылық аумағын созу үшін олар өз апандарынан айналдыра біршама жерге дейін бірдей майда тастарды шоғырландырып қояды. Көбіне таңдаулары кварцқа түседі. Сол арқылы өрмекшілер тастан жеткен дабылды (сигнализация) қағып алып, аңшылық аумаққа аттанады екен.
сурет:www.justcourtney.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига