Таңырқарлық рекордтар

Таңырқарлық рекордтар

Мишель Лотито деген француз азамат 1959 жылдан бастап алдына келгеннің бәрін жей беруді әдетке айналдыра бастаған. Содан бері ол 18 велосипед, 6 шырағдан, 5 дүкен арбасын, 2 төсек орын, 7 теледидар мен бірнеше шаңғы, тағысын басқа толып жатқан дүниелердің түбіне жетіп үлгерген. Желінген металл шамамен алғанда 9 тоннаға дейін жетіп қалған. 

Бір компьютермен, үш бірдей пернетақтамен экранға назарын да салмай отырып жаза алатын Мишель Сантелия есімді азаматты есітіп пе едіңіз?! Міне, осы кісі бір уақытта 64 кітапты ("Одиссей", "Макбет", Інжіл және 2002 жылғы Гинестің рекордтар кітабы да осы қатарда) теріп шыққан. Және ол экзотикалық тілде де, көне грек тілінде де мәтінді тере беретін болған.

Малайзиялық Летчемана Рамазами екі қабатты автобус көлігін шашы арқылы 30 метр қашықтыққа дейін сүйретіп алып барған.

Нидерландық Вим Хоф өзін қалың мұз бен қарға құрсатып тастаған. Және түпкілікті қатып қалмауы үшін йога тәсілін қолданыпты-мыс.

АҚШ-тың қос бірдей азаматы 75-ке жуық ысылдағыш жылан жатқан ваннаға қойып кеткен. 

Жаңа Зеландиялық Клинт Халлам есімді азамат өзінің қол буының (кисть) үш рет жоғалтып қайта тапқан.

Швейцариялық Марко Хорт бір уақытта ішуге арналған 158 түтікшені аузына салатын болған.

Британдық бір әйелдің денесінде 2520-ға жуық пирсингтің элементтері болған. Тіпті тілінде де.

100 метрлік ара қашықтықта жүгіруден нидерландық Нико Сурингске шақ келетін желаяқ жоқ. Ол 2006 жылы 8 желтоқсанда 100 метрді 17.35 секундта кесіп өткен. Бірақ, ұғымға кіретін емес. Себебі, ол 100 метрді мұз үстінде жалаң аяқ жүгірген болып шықты...

Венгриялық Джейнс Мартон 50 қойды сегіз-ақ сағатта қырқатын болған. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 26 сәуірде орнатқан ең үздік көрсеткіші болып саналады. 

Джон Эванс есімді ағылшын азаматы 159.6 килограмм құрайтын көлікті басына қойып 33 секунд бойына ұстап тұра алған. Айта кетейік, тек қана баспен, төбеге қойылған шыны сияқты ұстап тұра алған. Әрине, аса ауыр салмақ емес. Бірақ, велсебед пен ана-мынау заттардан әлдеқайда артық екені даусыз. Аталған рекорд 1999 жылдың мамыр айының 24-ші жұлдызында орнаған.  Сол кездегі анықтама қағазында Джонның бойы 2 метр, салмағы 156 килограмм болып жазылыпты.

Сурет:atblog.ru;rekordy-ginnesa.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига