- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Танымал смартфондар атауларының...
Танымал смартфондар атауларының мағынасы
Гаджеттер арасында көшбасшы саналатын корейлік бренд өзіне шынымен де жұлдызды ат таңдапты. Samsung сөзі корей тілінде «үш жұлдыз» деген мағынаны білдіреді екен. Елімізде мұндай атау мүлдем затқа берілетін еді. Ал Samsung Galaxy-ді «үш жұлдызды галактика» деп аударуға болады.
Танымалдылығы өндіруші компанияның атауынан асып түспесе, кем түспейтін атақты Nokia Lumia смартфоны фин тілінен «қар» деп аударылады екен.
Канадалық BlackBerry смартфондары "қара бүлдірген" деп аударылады.
2010 жылғы корейлік бестселлер LG Cookie-дің атауы да аспен байланысты (тікелей аударғанда - печенье).
Ағылшын тілін білетіндердің Fly брендін жиі кекетіп жататындары бекер емес екен. Жобалаушылар, әрине, "ұшу" деген мағынаны және оған қатысты мағынаның бәрін бірінші орынға қойды, бірақ өз өнімдерінің шыбынмен байланыстыруын еш қаламаған секілді. Шыбынның не қатысы бар дерсіз? Өкінішке орай, ағылшын тілінде аталған жәндік те Fly деп аталады. Сондықтан жеке модельдерді атау кезінде компания қызметкерлері "ұшу" тақырыбына барынша көңіл бөлуге тырысады: Fly Horizon (көкжиек), Fly Energie (энергия).
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: fototelegraf.ru, s4-galaxy.ru
А. Құлтай