- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Табиғат қашаған мүсіндер...
Табиғат қашаған мүсіндер
Қыс мезгілінде шыны терезеге салынған аяз өрнектеріне қарап тәтті қиялға берілген сәттеріміз көп. Аяз салған суреттерге қарап жатып суретшінің туындысын тамашалап отырғандай күйге бөленуші едік. Табиғаттың шеберлігінде шек жоқ екен. Тек оны көре алатын көз болса болғаны.
Италиялық жас фотосуретші Никколо Бонфандинидің жұмыстарының ішінен табиғаттың өзі қашаған таңғажайып мүсіндерді табуға болады. Никколо бала кезінен бері табиғаттың сұлулығына қатты ғашық болып келеді. Жастайынан саяхатқа шығып, дала кезуді қалады. Оның бұл арманы фотосуретшілік жолға алып келді. Ол бүгінде фотоаппаратын асынып алып, табиғатты жиі кезетін болды. Әдемі жерлерді арнайы іздеп барып, суретке түсіреді. Еңбегі де елеусіз қалып жатқан жоқ.
Никколо Бонфандини бұл фотосуреттер топтамасын «Арктиканың күзетшілері» деп атады. Бұл жұмыстар Финляндияның Лапландия ауданында түсірілген.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: econet.ua
Н. Айдархан