Баласын кішкентайында қытықтаған ата-ана, сол арқылы оның бойындағы қорғаныс қабілетін дамытатынын өзі де аңғармайды. Теориялық тұжырымда осылай делінген.
Дененің сезімтал бөліктеріне тию арқылы, ата-ана баланы қарсыласуға мәжбүрлейді. Өз кезегінде, баланың қорғаныс қабілеті содан мықтай түспек. Ал сол заматта шыққан күлкі "шабуылдаушыны" "басқыншылыққа" итермелейді.
Украинаның студенті аузындағы сағыздың жарылысынан көз жұмыпты. Тергеу ісі қаза табушының лимон қышқылының орнына сағызды жарылыс ұнтағына малып алған деген тұжырымға келген.
Француз математигі Жозеф Фурье көрпеге оранып жүруді өз денсаулығына пайдалы көрген. Аңғал математик көрпеге оранып жүріп, сатыдан құлап өліпті.
Бір адамға дәрігерлер онкологиялық диагноз қойып, жарты жыл ғана өмірі қалғанын ескертеді. Арада он жыл өткенде әлгі науқас емханаға барып, өзінің бұрынғы дәрігерлерімен көрісіп қайтуға бел буады. Бірақ, сол уақытта әлгі дәрігерлердің бірде-біреуі өмірде бар болмай шығады. Ал "күдер үзген дімкәс" қартымыз 102 жас жасапты.
“Челленджер 2″ танкісі пайда болған уақыттан бері (1998 жылдан бастап) мұндай алып машинаны істен шығару тек “Челленджер 2″ танкісінің қолынан келіпті.
"Жеміс-жидекті салат" деп аталатын ағаш бар екен. Мұндай ағаштың әрбірінде жемістің алтыға жуық түрі өсетін көрінеді.
Адам денесі 120 жылдан артық өмір сүруге икемделмеген екен. Мұндай шектеуді оған біздің жасушалардың бөлінісін айқындайтын генетикалық код енгізеді.
Куба өзінің сауатты халқының көрсеткішімен мақтана алады – 99,8%.
Адам ұйықтауды доғарғанда, миының жасушалары өзінің "қалдықтарына" бата бастайды. Бұл дегеніміз, ұйқының басты қызметі зат алмасудың аралық өнімдерінен (улы қалдық болып табылуы мүмкін) жүйке жүйесін тазалау болып табылады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: nytimes.com; en.ria.ru; scienceworld.wolfram.com; foninaousis.gr