Американдық Intriguer журналы өзінің оқырмандарының арасында сауалнама жүргізеді. Сауланамада қойылған негізгі сұрақ: "Сіз қандай тағамдардың, нендей жемістер мен көкөністердің сыртқы келбетінен қорқасыз?" болған еді. Сұраққа 3500-ден астам адам қатысқан.
Міне қызық! Айқын басымдылықпен бірінші орынды қарбыз иемденіпті. Сауалнамаға қатысушылырдың 64%-ы оған "қорқынышты" деген атақ таққан. Адамдар өздерінің таңдауын қарбыздың қабығы әскери жанжалдарды, жауынгер киімін еске салып, үрейімізді ұшырады" деп түсіндірген көрінеді. Тіпті, кейбірі оның етінің түсі қанды еске салады және мезгілі жеткенде уланып қалмаймыз ба деген қорқынышпен жейтін кездеріміз жиі болады дегенді айтқан.
Екінші орынды иемденген "бейкүнә" кинзаға жаныңыз ашиды екен. Қатысушылардың 40%-ы ондай тағамның бар екендігін бірінші рет естіп отырмыз деп тіл қатқан, оның аса танымал еместігі адамдарды айдаладан қорқытып отыр.
Үшінші орынды тұшпаралар қанжығасына байлады. Көп адамдар құлаққа ұқсас келетін тұшпараның қорқынышты түстердің кейіпкері болатындығын айтып шағымданған екен.
Ең аз дауыс жинаған тағам - ет болып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 1,5% -ы ғана етке дауыс берген.
Сауалнама туралы не айтасыз? Сіз де қарбыздан қорқасыз ба?
Суреттер: livejournal.com, mechtagurmana.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева