Жалпы адам баласын кейде ақылға қонбайтын сұрақтар, қисыны жоқ ойлар мазалап жатады. Ондай қисынсыз ойлар мен ақылсыз сұрақтар адамға қайдан келіп жататыны белгісіз. Бірақ та, бір анығы аталған сұрақтардан қашудың еш сөлекеттігі жоқ. Жай ғана жауап тауып қоя салыңыз. Ендеше, топтама:
Неге белгісіздік ишарасы Х деп көрсетіледі?
Бүгінде теңдеулерде де, «Х-files» сериалының атауында да, X-men фильмінде де ХХХ белгілері көптеп қолданылады және көбісі бұл белгінің шығу тарихын білмейді. Сонау XVII ғасырда-ақ атақты математик Рене Декарт тұрақты шаманы көрсету мақсатында латын әліпппесінің алғашқы үш әрпін (А, В, С) және соңғы үш әріпті (X, Y, Z) айнымалыларды анықтау үшін алды. Міне, содан бері Х тек белгісіздіктің "атасы" болып қана қоймай, сөздің аса маңыздылығы мен құпиялылығын айқындауда көптеген тіркестер мен сөздерге жалғана бастады.
Егер улы жылан өзі іспетті жыланды шағып алса, екінші жыланға не болады?
Неге амнезияға шалдыққандар тілін ұмытпайды?
Сөйлеу қабілеті жалпы адам баласында 6 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан сөйлеу дағдысы адам болмысын қалыптастастыратын қабілет болып саналады: оған жауапты аудандар мидың еңбек бөлігі негізінде орналасқан. Сонымен қатар, адам миының жартышарлары қатты жарақат болған жағдайда, бірін-бірі көшіре алады. Егер бір жартышар зақымданса, екіншісі өмірлік маңызы бар функцияларды, соның ішінде сөйлеуді де өз мойнына алады. Ал ес ми қабығының ең жоғарғы қабатында орналасқандықтан, амнезия кезінде бірден зақым алады.
Жалғасы бар
Сурет: miss.by.ua, actroom.ru, fresher.ru