Жас қытай суретшісі Сяонан Сун екі қолымен голливуд жұлдыздары - Морган Фримен мен Тим Роббинстің портреттерін салған видеороликті «YouTube-те" жариялағанн соң, бүкіл интернет қолданушыларын таң қалдырып, нағыз сенсацияға айналды.
Сун портреттері суретке жан бергендей көрінеді. Алайда оны басқа да дарынды суретшілерден оның бірегей қабілеті ерекшелейді. Көп адамның қолынан тіпті бір қолмен сурет салу келмейді, ал осы қытайлық жас жігіт бірден екі қолымен сурет сала алады.
Ең қызығы Сяонан Сун сурет салуды өздігінен үйренген. Экономика факультетіне түскеннен соң, ол өзінің әуестігін сурет деп білді. Нәтижесінде бейнелеу өнерінің қымбат құралдарын сатып алған, дегенмен жас дарын қарындаш және көмірмен салуды ерекше ұнатады. Суретшінің айтуынша, бір қолмен де, екі қолмен де портрет салу үшін ол 2-3 сағат уақыт жұмсайды екен. Оның туындылары қатарында атақты әртіс Меган Фокс, модель Миранда Керр, Адриана Лима, Эмма Уотсон, Натали Портма Эминем және тағы да басқа әлем жұлдыздарының портреттері бар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/cLNq-tl4NcE?version=3&hl=ru_RU","width":"420","height":"315"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/x-omtUikY_I?version=3&hl=ru_RU","width":"420","height":"315"});
Сурет: mirfactov.com