Сүйіспеншілік, адалдық сезімі адам баласында ғана емес, аң-құстарда да бар. Бар болғанда қандай? Тіпті кейбірі адам баласын таң қалдырады.
Қазақ ұғымында махаббаттың адалдығын қос аққудай деп бейнелейді. Сыңарынан айрылса, тек қана жалғыз ғұмыр өткізетін аққудың қасиетін біз солай бағалаймыз. Ал әлемнің ғалымдары жұбына ең адал құстар мен жануарлардың қатарына мыналарды қосады екен: альбатрос (теңіз құсы), Франция балығы, қара құмай және балпанақ (пингвин).
Альбатрос (теңіз құсы)
Франция балығы
Қара құмай
Бұл ғалымдардың көп жыл бойына із кесіп зерттеуі арқылы қол жеткізген қорытындысы екен.
Жақында ғалымдарды таң қалдырған мынадай бір қызықты оқиға орын алған. Бір жұп балпанақ 16 жыл бойы жұптарын жазбай бірге жүрген. Олар 16 жыл қыс мезгіліндегі 320 мың километрлік көшу сапарын бастан кешірген. Қаншама қатерлі кезеңдерде де бір-бірін ешқашан жалғыз қалдырмаған. Олардың бұл «махаббаты» мүмкін емес дегенге ғана сенетін ғалымдардың өзін қатты әсерлендірген.
Мүмкін емес болатыны – балпанақтар ұзақ жол басатын көшу сапарында сан түрлі қиындық, күтілмеген шабуыл секілді қатерлі сәттерге үнемі жолығып отырады екен. Және сол қатерлі кездерде бір жұп балпанақтың бірдей аман қалу мезгілі бірнеше жыл ғана болатын көрінеді. Осыдан біраз жыл бұрын 10 жыл жұбын жазбаған бір жұп балпанақты хайуанаттар әлеміндегі рекордтар кітабына енгізген болатын.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: true-wildlife.blogspot.com