Ардақты оқырмандар! Осы күнде өміріміз фотосуретпен, фотоаппаратпен тікелей байланысты болып бара жатыр. Осы орайда назарларыңызға Эрнст Уилди атты АҚШ-тық фотографтың "Суретке түсірудің негіздері" атты кітабындағы басты нәрселерді ықшамдап ұсынуды жөн көріп отырмыз.
1. Үшке бөлу ережесі.
Суреттің бойын ойша екі вертикаль, екі горизонтал сызықпен бөлейік:
Көріп отырғаныңыздай, түзу сызықтар 4 жерде қиылысып тұр. Тап осы қиылысқан нүктелерді күштік нүктелер деп атайды. Яғни адамның көзі ең алдымен осы аймақтарға түседі деген сөз. Және бір қызығы адамның жаратылысы сол - кез келген көрініске оң жақтағы төменгі нүктеден бастап көз салады екен. Содан соң, назар біртіндеп басқа аймақтарға көше бастайды. Сондықтан фотоға түсіруші көріністің маңызы осы нүктеден болғанын қадағалағаны жөн.
2. Кадрлеу. Кейде суретте маңызды объектілер тыс қалып жатса, кейде кейбір нәрселер артық болуы мүмкін.
Бұл жағдайда кез келген фоторедакторларды пайдаланып басты көріністерді қиып алған жөн болады. Тағы бір еске ұстайтын нәрсе мынау. Егер суреттің ауданы 18х24 см-ден кіші болса, адамның көзі оны толығымен назарына алады. Яғни түрлі рельефтер мен иірімдер сезілмейтін болады. Сондықтан бұндай кішкентай суреттерде қара киім киген қара шашты адам ірірек болып көрінсе, үлкен суреттерде бұл эффект керісінше болады.
3. Горизонтал және вертикаль түзулердің ережесі. Кейбір адамдар түрлі пейзаждарды түсіргенде, көкжиек сызығын ескермеуі мүмкін.
Көкжиек сызығын ешқашан қисық қылып алуға болмайды. Яғни, горизионтал бағытта тұруы керек. Сонымен қатар жазбаның басында әңгіме қылған үшке бөлу ережесін де естен шығармаған жөн. Көкжиек сызығы суреттің тура ортасында тұрар болса, көрініс әсерсіз болады. Сондықтан бұл сызықтар барынша күштік нүктелерде орналасуы керек.
жалғасы мына жерде
суреттер: sunhome.ru, fotoxp.ru