Америкалық ғалымдар Жерде судың пайда болуы туралы жаңа теориясымен бөлісті. Олардың зерттеу жұмыстары Sciencе ғылыми журналында жарияланды.
АҚШ ғалымдарының айтуынша, су ғаламшарымызда су молекулалары бар протоғаламшарлық дисктің әсерінен пайда болған. Бұл материя Жерде шамамен 4,4 миллиард жыл бұрын пайда болған.
Ғалымдар 1985 жылы Баффин жерінде алынған көне базальттан алынған бір нейтроны бар изотопты зерттеген. Базальт Арктика суығында көміліп жатқандықтан оған Жердегі эволюциялық даму әсер етпеген. Нәтижесінде ғалымдар ертеректе қалыптасқан су молекуласын зерттеу мүмкіндігі ие болып отыр.
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі мұхит суларының кем дегенде 20%-ы осы даму әдісімен қалыптасқан. Бұл көрсеткіш одан да көп болуы ықтимал. Себебі америкалық ғалымдар әзірге Арктикада қанша базальттың сақталғанын анықтай алмай отыр.