Суда ысқыруға болмайды

Суда ысқыруға болмайды

Заң деген тікелей қоғамның өсіп-өнуі үшін жасалады. Алайда, мүлдем қате кеткен, ойға сыймайтын заңдар кездесіп жатады.

Нью-Джерсиде оқ өтпейтін жейдемен (пуленепробиваемой жилет) кісі өлтіруге болмайды. 

Солтүстік Каролина штатында Бинго лотосын бес сағаттан артық ойнау заңға қайшы келеді.

Солтүстік Дакотаның мейрамханалары мен барларында бір уақытта сыра мен ширатпа тоқашқа (крендель) тапсырыс беруге тыйым салынған. Бөліп-бөліп айтуға болады. Бірақ, еш жағдайда бірге айту жағы қарастырылмауы тиіс.

Вайоминг қаласында бір маусым бойына қояндарды суретке түсіруге шектеу қойылған. Ал қалған 11 айда түсіре беруге еш кедергі жоқ. Тек, сол бір айда қояндар демалуы тиіс.

Айдахода ерлердің әйелдеріне 23 келіден артық тәтті сыйлауына қатаң тыйым салынған. 23 келі тәтті сыйлау кімнің басына келді екен?

Мэн штатында жаңажылдық безендірулер 14 қаңтарға дейін ілініп тұруы тиіс.

Коннектикут қаласында көшені қолмен қиып өтуге қарсы заң шығарылған.

Ұлыбританияда парламент палатасында өлуге болмайды. 

 Швецияда түнгі сағат оннан кейін унитаз суын ағызуға болмайды. 

Оңтүстік Каролинада пинболды 18 жастан соң ғана ойнау жағы қарастырылған. Жарық күн, айқай-шу, қитұрқы ұшқан шарлар...

Алабама штатында темір жол рельсіне тұз сепкен адам абақтыға жабылады. Жақсылап есте сақтаңыз: теміржол торабы + тұз + Алабама + өлім.

Аляскада ұйықтап жатқан аюды оятып, суретке түсіруге болмайды.

Иллинойста керік үстінде жұмыс істеуге тыйым салынған.

Луизианда банк тонар адамға кассирді атуға тыйым салынған. Өйткені, ол ақша беріп тұр ғой...

 Колорадода көршілердің бір-бірімен шаң сорғыш алмасуына болмайды. 

Миннесота қаласының шекарасынан басқа үйрек отырғызып өту заңға қайшы келеді.

Пенсильванияда тоңазытқыш үстінде ұйықтауға тыйым салынған.

Вермонтта су астында тұрып ысқыруға болмайды. Ал қалған нәрсенің бәріне рұқсат етілген.

сурет:list25.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига