Су өткізбейтін арнайы қап

Телефонды байқамай суға құлатып алатын жағдайлар көп болады. Электронды құрылғылардың ылғалды жақсы көрмейтінін сіз бен біз жақсы білеміз. Бірақ, болған іс болды, бояуы сіңді. Телефон суға құлады, енді қосылмай тұр. Егер бағыңыз бар адам болсаңыз, ол кепкеннен кейін, бұрынғыша жұмыс істеп кетеді. Алайда, жұмыс істемей, жарамсыз болып қалуы да әбден мүмкін. Естеріңізде болса, біз телефонды суға құлатқанда не істеу керектігі туралы айтып кеткен болатынбыз. Судан қорықпайтын Ihone жайлы да әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі әңгімеміз судан қорықпайтын қорғаныс қабы жайлы болмақ.

Daikin Industries компаниясы ұялы телефондардағы электронды элементтерді судан қорғауға арналған арнайы қаптың өндірісін қолға алып, үлкен істің бір ұшын қылтитып отыр. Зерттеушілер электроникадан су өткізбейтін жаңа қорғаныс қабын ойлап тапты. Егер де бұндай қаппен қапталған электрониканы суға салса, ол жұмыс жасай береді. Бұндай қаппен электрониканы қаптау үшін электронды құрылғыны фторы бар сұйықтыққа енгізу қажет. Cұйықтық бір минуттың ішінде кебетіндіктен, құрылғыны бірден пайдалануға болады. 

Компания уәкілдерінің айтуы бойынша, олардың басты мақсаты құрылғыны 100% судан қорықпайтындай ету емес, тек ылғал тиген жағдайда жұмыстан шығу қаупін төмендету болып табылады. Суға салсаң, батпайтын, отқа салсаң, күймейтін құрылғының қоршаған ортаға тигізетін кері әсері де жоқ.

Қорғаныс қабының қалыңдығы бар-жоғы 0,1-1 микрон шамасында. "Сиқырлы" қаптың электронды құрылғылардағы барлық коннекторлар мен контакттарға тигізетін кері әсері жоқ болғандықтан, телефоныңызды компьютерге қосып, 3,5 мм тіркеуіш арқылы құлақшынмен музыка тыңдасаңыз болады. Бұл технология осы жылдың желтоқсан айында толығымен іске қосылмақ.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_FwjFj3Ku5k?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"335"});

Сурет: 3dnews.ru