• 515.25
  • 490.7
  • 5.16

Студент деген асқақ ат!

Студент деген асқақ ат!

"Студент" сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді екен. Ал, университет – бірлестік, қоғамдастық (universitas), факультет – қабілеттілік (fakultus), декан –ондық (decanus), ректор – басқарушы (rector) деп аударылады.

Ең алғашқы студенттер осыдан мыңдаған жылдар бұрын, шамамен ХІ ғасырларда пайда болған. Сол бір есте жоқ ерте замандарда Еуропадағы Камбрада - математикаға, Болонья жерінде - құқық, медицинаға арналған мықты-мықты ғылыми-зерттеу орталықтары құрыла бастады.

1080 жылы Болондық құқық мектептері бірікті де, әлемдегі тұңғыш университет пайда болды. Әрине, ол басында университет емес, «студия» деп аталған болатын. Ең алғашқы студенттерді «схолар» немесе «школяр» деп атаған көрінеді. Олар өздері студенттік ережелерді жасап, профессорлар мен ректорларды тағайындайтын болған. Ректор болуға тек бойдақ студенттің ғана құқығы болды.

Кейіннен дәл осындай студиялар Феррара Падуа және т.б қалаларда пайда бола бастады. Француздық педагогтар Италиядағы студенттердің тым еркінсіп кеткендігіне қарап, өздері университет құруды жоспарлады. Нәтижесінде Париж университеті ұйымдастырылады, ал ХІІІ ғасырда Оксфорд және Кембридж құрылды.

Алғашқы студияларда 4 факультет қана болды. Олар: дайындық, құқық, медицина және дін факультеттері. Оқыту мерзімі 5-15 жыл аралығында болды. Ең үлкен танымалдылыққа ие болған – заң факультеті еді. Студенттердің көпшілігі заң факультетінде оқуды қалайтын.

Ортағасырлық студиялардың сабақтары таңертең ғана жүргізіліп, дәрістер оқылатын. Таң атпастан басталған дәрістер таңғы сағат 9-да аяқталған. 

Алғашқы студияларда аптасына бір рет пікірталастар өткізілетін болған. Ол кездерде студент атану бүгінгідей асқақ арман немесе аса бір қиын шаруа емес еді. Ол үшін студент болғыңыз келетіндігіңіз туралы өтініш жазып, мұғалім таңдасаңыз, жетіп жатыр... Әрбір ұстаздың 25 шәкірті болған. Ал, дәрістер 100-200 адамға оқылды.

Ол кездердегі «школярлардың» көпшілігі ақсүйектердің, көпестердің, ғалымдардың, заңгерлер мен дәрігерлердің балалары еді. Сондықтан, әрбірінің құлдары болған.

Кешегінің студенттерінің бәрі жақсы оқыған деп ойлайтын боларсыз. Олай емес! Ол кездегі ізденушілердің 40%-ы ғана студияны толық аяқтап шықса, 10%-ы жақсы маман атанған.

Түлек дінді жақсы білетін болса, шіркеу қызметкері және білімі жеткілікті болса, аудармашы, нотариус, дәрігер, ұстаз бола алады.

Айлар, жылдар, тіпті ғасырлар өтті. Десе де, бірнеше ғасыр бұрын пайда болған «студенттер» деген қауым жоғалған жоқ. Уақыт өткен сайын бұл қауымның қатары көбейіп, ортасы толып келеді.

Суреттер:tengrinews.kz,vk.com,voxpopuli.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева