Стэнфорд университетінің зерттеуші ғалымдары адамның қартаюына әсер ететін хромосомаларды қайта қалпына келтірудің қауіпсіз жолын тапты. Бұл жетістік адамзаттың ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Ғылыми тұрғыдан тоқтала кетсек, адамның бойындағы хромосомалардың уақыт өте бір-бірімен байланысы алыстай түседі екен. Нәтижеде олардың қорғаныс функциясы іске қосылғанда адамның қартаюы басталады. Қорғаныс функциясының үдерісі кезінде хромосомалардың жасушалары 50 бөлікке дейін бөлінеді. Осы орайда жасуша құрылымы жұқарып, шегіне дейін жетеді екен. Ғалымдар осы қысқаратын хромосомалардың ДНҚ-ларын ұзартудың жолын тапқан. Және бұл процесс адам денсаулығына еш зияны жоқ.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі салауатты өмір салтын ұстанған адамдарда қартаю үдерісі баяу жүретінін дәлелдеді. Бір қызығы америкалық ғалымдардың зерттеулері табиғи құрылымның арқасында расталған. Мысалы, ірі теңіз шаяны қартаю дегенді білмейді. Себебі олардың ДНҚ жасушалары қайта қалпына келу функциясына ие.
Калифорниялық Стэнфорд университетінің ғалымдары жасушаның қайта қалпына келу мүмкіндігін беретін РНҚ модификациясының жаңа технологиясын жасап шығарды. Аталған рибонуклеин қышқылы адам жасушасына бағытталатын болса, хромосомалардың белсенділігі екі есеге артады екен.
«Біз адам хромосомасындағы бөлшектенген жасушаларды 1000 нуклеотидке дейін көбейтуге қол жеткіздік. Бұл адам өмір жасының бірнеше есе көбеюін қамтамасыз етеді. Жаңалық жасуша құрамын жаңарту саласыннан басқа да көптеген медициналық зерттеу жұмыстарында қолданылатын болады», - дейді Стэнфорд Университетінің микробиология және иммунология профессоры Хэлен Блау.
Жаңалықтың ең маңызды шарты - оның қауіпсіз өтуінде. Себебі егер адам хромосомасындағы жасушалардың ұзару процесі кері қарай жүретін болса, адам жасарудың орнына тез қартайып, оның онкологиялық ауруларға шалдығу қаупі бар. Кейбір адамдардың иммунитеті денеге енген РНҚ құрылымын қайта өңдей алмай қалады. Осы орайда рибониклеин қышқылы хромосомаға зиян қауіпті бактерияға айналып кетеді екен.
Болашақта жаңа технология адамның қартаюына себеп болатын генетикалық ауруларды емдеуде қолданылмақ. Әрине, алдағы бірнеше жылда адамның жасын ұзартатын медициналық дәрумендер шығуы да мүмкін. Дегенмен фармацевттердің өз өнімдерін жалпыхалықтық қалыпқа енгізуі екіталай.
Сурет: cont.ws
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды
Ғалымдар жаңа металл түрін ойлап тапты
Жапондар қолсыз ойнауға болатын фортепиано жасады
Ғалымдар салмақтан арылу дәрісін шығарады