Спорт көрсетілімдері қалай түсіріледі?

Әр жыл сайын спорттық көрсетілімдердің мүмкіндігі артып, жаңаланып, құдды бір «тірідей» тамашалап отырғандай боламыз. Стадиондағы көрермендер мен телекөрермендер арасындағы көпір бұзыла бастады.

3D технологиялық көрсетілімдері, спортшылардың бет-бейнесі, жылдам әрі сапалы көрсетілім көрермендерді жағымды әсерге бөлейді. Осындай спорттық көрсетілімдер арқылы түрлі қолдаушы компаниялар жоғарғы көлемде табыс тауып отыр. Осыншама шынайы картиналарды қандай құрылғылармен түсіреді деген сауал кімді болмасын қызықтырары анық.  Ендеше назар аударалық:

Көптеген стадиондарда түсірілімге арналған жоғарғы нүктелер болады. Оған құрылымы құрылыс крандары тәрізді, бірақ сәл кішкентайлау скайлифт қолданылады. Скайлифттың биіктігі 60 метрге жетіп жығылады. Әрине бұны аса маңызды болмаса кез келген түсірілімге пайдалана бермейді. Сондықтанда жұмыс кезінде оператордың арнайы рұқсатнамасы болуы шарт.

Ал, бұл ойынды әуеде жүріп түсіретін Spidercam (спайдеркам) камерасы. Ол көрінбейтін төрт троспен бекітілгендіктен, алаңда өзінен өзі ұшып жүргендей болып көрермендерге әдемі әсер сыйлайды. Содай-ақ теледидар артындағы көрермендерге де жоғарғы сапамен, түрлі мүмкіндіктермен  жаңа қырынан көрсетіледі.  

Бүгінгі таңда футболдан Еуропа чемпионаттары мен түрлі жоғарғы дәрежедегі ірі ойындарды дәл осындай құрылғылармен жабдықтау жүріп жатыр. Spidercam камерасының барлық жиынтығы 350 мың еуроны құрайды.

2010 жылы 3D технологиялық спорттық трансляциялар кең көлемде қолданыста болды. Көрсетілімнің жақсы не нашарлығы жөніндегі таластар әлі күнге жүріп келеді. Алайда түрлі спорттық ірі жарыстарда 3D-камераларына бергісіз телеобъективті операторларды да жиі кездестіріп жүрміз.  

3D-мен түсірілген алғашқы көрсетілімді ағылшындық жанкүйерлер тамашалады. Ол кезде ағылшын премьер-лигасында "Арсенал" мен "Манчестер Юнайтед" ойнаған болатын.

Содай-ақ, операторлар мен режиссерлер Bullet time камерасы арқылы көрермендерді визуалды әсерге бөлегенді қалайды. Bullet time «Матрица» фильміндегідей аз уақыттың ішінде барлық аймақты түгелдей қамтып шыға алады. Bullet time камерасы бірдей уақытта он шақты камерамен  түсіріледі.

 Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет:ellf.ru