- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- "Спанч Боб" қанша...
"Спанч Боб" қанша тілде сөйлей алады?
Езуінен күлкі кетпейтін "Спанч Боб" жайлы қызықты деректермен таныс болғыңыз келе ме?
Сіз дайынсыз ба? Естімей тұрмын! Ендеше кеттік.
● Бүлдіршіндердің теледидар мен соңғы кездері ғаламтор беттерінен сүйіп қарайтын "Спанч Боб төртбұрышты шалбар" анимациялық мультсериалы Nickelodeon арнасында алғаш рет 1999 жылы 19 шілдеде көрсетілді.
● Мультсериалдың басты кейіпкерін американдық биолог Стивен Хилленберг ойлап тапқан еді. Алғашында басты кейіпкер Спанч-Бала (SpongeBoy) деп аталуы керек еді, бірақ бұл атаумен сол кезде ыдыс жуғыш зат аталғандықтан, кейіпкерді Спанч Боб (SpongeBob) деп атап кеткен. Әр есімнің тегі болуы керек. Сондықтан, Спанч Боб деген есімге "Төртбұрышты шалбар" (SquarePants) деген фамилия берілді.
● Спанч Бобты американдық әзіл-ысқақ театрының әртісі Том Кенни "сөйлетіп отыр". Ал орысша аудармасында әртіс Сергей Балабанов өз дауысымен миллиондаған балаларды күлдіреді.
● Спанч Бобтың 40 тесік-дөңгелегі бар.
● 2005 жылы "Спанч Боб төртбұрышты шалбар" әлемдік феноменге айналды. Сол жылдың бірінші ширегінде мультсериал балаларға арналған №1-бағдарламаға айналып, ITV (Біріккен Корольдік), TV Globo (Бразилия), Nickelodeon, Televisa (Мексика), IT1 (Италия), SRTL (Германия), TF1 (Франция), YTV (Канада) сынды әлемдік телеарналарда көрсетілген.
● 2007 жылдан бастап, "Спанч Боб төртбұрышты шалбар" Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Бельгия, Италия, Жапония елдерінде 11 рет түрлі номинацияларға қатысып, 8 мәрте жеңімпаз атанды. "Спанч Бобты" сүйікті кейіпкер, сүйікті анимационды фильм мен ең үздік интернационалды бағдарлама номинацияларымен марапаттаған.
● 2010 жылы "Спанч Боб төртбұрышты шалбар" 2 мен 11 жас аралығында "Балалар көретін бірінші анимационды мультсериал" атағын иеленді.
● Бүгінде «Спанч Боб» 171 мемлекетте 37 тілде сөйлейді. Осы сериал MTVNI өнімдерінің ішіндегі территория саны бойынша №1-бағдарлама.
● «Спанч Боб» балаларға арналған әлемдік бағдарламалардың үштігіне кіреді.
● Мультсериал көруді ересектер де жақсы көреді. Аудиторияның 30-40%-ы үлкен кісілер.
● 2007 жылдың наурыз айында "Спанч Боб" "Боттроп-Кирхеллен (Германия) қаласының құрметті тұрғыны" деген титулды алды.
Бұл мультфильмнің әлі де талай жетістіктерге жететініне кәміл сенеміз.
Суреттер:boblife.ru, kools.ru